барлық жаңалықтар

Биыл NU 15-ші жыл қатарынан студенттерді қабылдап отыр

Бұл жылы университет өз тарихындағы студенттер саны бойынша ең жоғары көрсеткішке қол еткізді! NU әңгімелері

# #

Биыл 3 мың адам университет табалдырығын аттап отыр. Дайындық бағдарламасына (NUFYP) 600-ден астам, бакалавриат бағдарламаларына 1,5 мыңға жуық, магистратура мен PhD бағдарламаларына 800-ден астам студент түсіп отыр. Биыл оқуға түскен шетелдіктер қатары 150 болды – бұл он бес жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Бағдарлау аптасының шеңберінде жаңадан қатарға қосылған студенттерге пәндерді таңдау, тіркелу процесі туралы түсіндірілді. Білім алушылар оқытушылармен танысып, жатақхана туралы мәлімет алды, сондай-ақ студенттерге кампустағы түрлі қызметтер көрсетіліп, университтің академиялық және басқа да ережелері түсіндірілді.

Жақында AQYL ALEM жүргізген әлеуметтік сауалнамада NU Қазақстандағы ең үздік университет деп танылды. Елдегі ең ірі 43 университеттің студенттерін қамтыған сауалнама институттарды 17 критерий бойынша бағалады, оның ішінде студенттердің жалпы қанағаттанушылығы, кестенің тұрақтылығы, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрғын үй жағдайлары және сабақтан тыс іс-шаралардың қолжетімділігі бағаланды. NU жалпы рейтингте үздік үштікке кірді және ең жауапты әкімшілік және техникалық персоналы үшін аталып өтілді. Бүкіл ел бойынша жатақхана жағдайына қатысты көптеген шағымдарға қарамастан, NU осы санатта ең жоғары ұпай жинап, 100-ден 71 балл жинады.

NU халықаралық деңгейде мойындалған бағдарламалары бар зерттеуге негізделген ортада сапалы білім бере алатын мүмкіндігі үшін бағаланады. Университет студенттерге арналған тұрғын үйді, спорттық ғимараттарды және студенттердің университетті басқаруға қатысу мүмкіндіктерін қоса алғанда, студенттердің ерекше тәжірибесін қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Назарбаев университеті, 2024 түлек

Осы мақаламен бөлісіңіз