Қабылдау

Университет алдындағы дайындық бағдарламасы

Назарбаев Университетінің университет алдындағы дайындық бағдарламасы – бұл Дайындық мектебінің бір жылдық күндізгі бағдарламасы.

Назарбаев Университеті NU бакалавриат бағдарламаларына жеделдетілген академиялық, ғылыми және тілдік дайындықты қамтамасыз етеді. Студенттерге академиялық бағдарламаларды табысты аяқтау және NU дәрежесін алу амалдары ұсынылады.

Қабылдау шарттары
image

Бакалавриат

NU бакалавриат студенттері жан-жақты білім алады. Бұған аудиториялық зерттеулерді тәжірибелік жобалармен үйлестіру арқылы қол жеткізіледі. Біздің барлық түлектер өз мансабында нақты жағдайларда өз дағдыларын қолдана алатын пәндік сарапшылар болады деп күтілуде.

 

Қабылдау шарттары

Магистратура

Магистратура жоғары білімнің екінші кезеңі болып табылады. Оқыту 16 айдан 2 жылға дейін созылады (ерекшелік: Медицина ғылымдарының докторы - 4 жыл және Резидентура - 3-5 жыл, мамандыққа байланысты).

 

Қабылдау шарттары

Докторантура

Докторантура бағдарламалары студенттерге ғылым докторы дәрежесін алу үшін диссертация жазуға және қорғауға мүмкіндік береді. Бұл университеттер беретін ең беделді дәреже және жоғары деңгейдегі қабілеттер мен пәнге деген ынтаны талап етеді.

Назарбаев Университетінің жеті мектебі докторантура бағдарламаларын ұсынады:

  1. Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі
  2. Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі
  3. Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі
  4. Медицина мектебі
  5. Жоғары білім беру мектебі
  6. Жоғары мемлекеттік саясат мектебі
  7. Жоғары бизнес мектебі

 

Ғылым докторына үміткерлер мектептің әкімшілік кеңесі белгілеген қатаң талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Қабылдау шарттары

 

Біліктілікті арттыру бағдарламалары

Білім беру мен ғылыми зерттеулерге қоса, біз жоғары буын басшыларының курстарын ұсынамыз. Осы курстар жұмыс істейтін мамандарға мансабы бойынша жоғарылауға көмектесетін нарықпен жұмыс істеу дағдыларын береді.

NU төрт қысқа кәсіби бағдарламаларды ұсынады:

  1. Кәсіби білім бағдарламалары
  2. Білім саласындағы мамандарының біліктілікті арттыру бағдарламары
  3. Мейірбике ісі бағдарламасы

Қабылдау шарттары

Барлық бағдарламалар

NU жоғары білім берудің көптеген нұсқаларын ұсынады. Өзіңізге лайықтысы туралы толық ақпаратты бағдарламалардың каталогынан таба аласыз.

Қабылдау шарттары