NU оқу орнында ең талантты студенттер білім алады. Университетте бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша түрлі бағдарламалар бар.
Бағдарламалары |
Оқу ақысы* |
Университет алдындағы дайындық бағдарламасы |
$12 000 |
Бакалавриат бағдарламалары |
$15 000 |
Магистратура бағдарламалары |
$16 000 |
Докторантура бағдарламалары |
$23 500 |
Медицина докторы бағдарламасы |
$25 000 / $30 000 (шетел азаматтары үшін) |
Резидентура бағдарламалары |
$11 200 |
*Қазақстан Республикасының резиденттерімен өзара есеп айырысу университетпен бекітілген (бір) АҚШ долларының есеп айырысу бағамы бойынша ұлттық валютада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Студенттерді қабылдау талаптарын қанағаттандыратын талапкерлер ақылы түрде оқи алады. NU жылда ақылы негізде оқуға қабылдау үшін белгілі бір көлемде квота бөледі.
Қазақстан азаматтарының ішінен әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлер үшін жеңілдіктер қарастырылған:
Бұл санаттағылар үшін оқу ақысы – университет алдындағы дайындық, бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша бір жылға $3 000 мен $4 000 аралығында.
Қазақстандық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін магистратура бағдарламаларында оқу құны бір жылға $8 000-ға тең.
Алдын ала бір оқу жылының немесе жалпы Ақылы негізде білім алу келісім-шартындағы соманың 100%-ын бірден төлеген кезде қосымша 5% (бес пайыз) жеңілдік беріледі.
Жоғары бизнес мектебі бағдарламаларының оқу ақысы туралы ақпарат алу үшін gsb.nu.edu.kz сайтына өтуді сұраймыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз немесе талапкерлерді қолдау орталығына жүгінуге болады.
Телефон: +7 (7172) 64 25 84, +7 (747) 0940230
Пошта: info_admissions@nu.edu.kz
Каб.: 1.111 блок 1,
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ. 53
Оқу ақысын төлеу бойынша толығырақ мәлімет алу үшін Bursar's Office-ке жүгінуді сұраймыз:
Телефон: +7 (7172) 70 60 32, 70 91 99
Пошта: bursars_office@nu.edu.kz
Каб.: 1.248B блок 1,
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ. 53