Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің (NU SoM) Педиатрия бойынша резидентура – аурухана жағдайында жұмыс істеуге қабілетті педиатр немесе педиатриядағы жалпы тәжірибелік дәрігер болғысы келетін дәрігерлерді даярлайтын үш жылдық бағдарлама.
Осы бағдарлама ДКМБАК-тың (дипломнан кейінгі медициналық білімді аккредиттеу кеңесі) негізгі алты кәсіби сапаларына және педиатрия бойынша оның маңызды жобасына сәйкес білікті педиаторларды даярлайды.
Сондықтан осы бағдарлама түрлі клиникалық жағдайларда педиатрлық практикамен айналысуға немесе педиатрияның тар шеңбердегі мамандықтары (мысалы, педиатрия бойынша клиникалық аспирантура) бойынша оқуларын жалғастыруға дайын резиденттерді негізгі дағдылармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, осы бағдарлама жоғары оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істеуге қабілетті дәрігерлерді оқыту үшін резиденттерге клиникалық және қолданбалы зерттеулер жүргізу мүмкіндігін ұсынады.
1-ші 2-ші жылдарда, резиденттер амбулаториялық көпжылдық тәжірибеге қосымша ретінде педиатрияның түрлі және мамандандырылған бөлімшелерінде жоғары сапалы клиникалық дайындықтан өтеді. Оқытудың 3-ші жылында резиденттерге өз оқуы мен оқу жоспарын белгілі бір салаларға шоғырландыру мүмкіндігі ұсынылады.
Кампус: Астана, Қазақстан, NU SoM ғимараты, ауруханалар
Тілі: Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі
Оқыту түрі: Күндізгі
Ұзақтығы: 3 жыл
Резидентураны бітіргендер дәрігерлік қызметті жалғастыруда.