form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again

Оқыту

all programs

Мемлекеттік саясат саласындағы докторантура

2017 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) 4 жылға есептелген Мемлекеттік саясат саласындағы PhD бағдарламасын іске қосты.

Бағдарламаның мақсаттары:

(1) Халықаралық деңгейдегі PhD бағдарламасын ұсыну, қолданбалы мемлекеттік саясатты дамытуға өз үлесін қосатын біліктілігі жоғары үміткерлерді тарту;

(2) Мемлекеттік саясат саласында қолданбалы тәжірибесі бар түлектерді дайындау арқылы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын дамытуға үлес қосу;

(3) Білім беру мен зерттеу жүргізудің халықаралық стандарттары бойынша болашақ оқытушыларды дайындау арқылы Қазақстанда жоғары білім беру саласында орнықты дамуды қамтамасыз ету;

(4) Біліктілігі жоғары зерттеушілерді дайындау арқылы Қазақстанның мемлекеттік секторында зерттеу базасын нығайту; (5) Орталық Азиядағы мемлекеттік саясат саласы тақырыбына арналған ғылыми жұмыстар тізімін докторанттардың/түлектердің басылымдарымен толықтыру.

 

Жалпы ақпарат:  

Кампус : Астана, Қазақстан

Тілі: Ағылшын

Оқыту нысаны: Күндізгі, Назарбаев Университетінің кампусында

Ұзақтығы: 48 ай

ECTS кредиттердің жалпы саны: 240

 

Курстар

1 және 2 жылдар

  • 10 негізгі курс,
  • 2 элективті курс,
  • тезис жазу және PhD біліктілік емтиханын тапсыру

3 және 4 жылдар

  • Тезис дайындау және жазу
  • Viva Voce PhD емтиханы 
  • Оқыту және зерттеу ассистент қызметкері болуға өтініш беру мүмкіндігі
  • Шетелде 3 айға дейін болу мүмкіндігі
 

 

Мансап

 

  • Мемлекеттік сектор – мемлекеттік органдарда, мемлекеттік қызметте, халықаралық ұйымдарда, әлеуметтік зерттеулерде және коммерциялық емес ұйымдарда саясаттанушы, саясаттың жаңашылдары ретінде; саяси жетекшілерге арналған қызметкерлер.
  • Жеке сектор – білім менеджменті, HR және қоғаммен байланыс, үкіметпен байланыс бойынша кеңес беру.
  • Академия.

 

Стратегиялық әріптесм

Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю мектебі.



Қабылдау талаптары
Inner program image

Бағдарламаға құжат тапсыру