Химия көбінесе «орталық ғылым» ретінде қарастырылады, өйткені қазіргі әлемде аспаптық пән бола отырып, технологиялық прогресті дамытуға және энергетикада, биомедицина мен қоршаған ортада пайдалы материалдарды әзірлеуге ықпал етеді.
Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің химия саласындағы магистратураның екі жылдық бағдарламасы шеңберінде студенттер терең білім алып, химия ғылымдары саласында өз біліктілігін арттырады. Нәтижесінде оқуға қабылданған студенттер бағдарламаны кәсіби химиктер ретінде аяқтап, практикалық және академиялық білім алады.
Магистратураға қабылданған үміткерлер тез дамып келе жатқан ғылыми-зерттеу ортасындағы халықаралық зерттеулер контексінде оқиды. Мамандандырылған оқу жоспарының пәндерін әлемнің түкпір-түкпірінен іріктеліп алынған профессорлар мен сарапшылардан тұратын оқытушы-профессорлар құрамы оқытады.
Студенттер химия саласындағы базалық дағдыларды, оның ішінде жобаларды басқару дағдыларын, командада жұмыс істей білу, есептерді шешу, ауызша және стендтік таныстырылымдар жасау дағдыларын, зертханалық дағдыларды, математикалық есептеулер (есептеу және моделдеу) дағдыларын, сондай-ақ зерттеу және ғылыми әдебиеттерді бағалау дағдыларын шыңдайды.
Кампус: Астана, Қазақстан
Оқыту тілі: ағылшын тілі
Оқу нысаны: күндізгі, кампуста
Ұзақтығы: 2 жыл
ECTS кредиттерінің жалпы саны: 120
Химия саласындағы магистр дәрежесі бар түлектер өздерін мынадай салаларда жүзеге асыра алады: