Химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласындағы магистратура бағдарламасы – Назарбаев Университетінде (NU) Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (NU SEDS) ұсынатын мамандандырылған бағдарлама.
Студенттерге 4 семестрде 120 ECTS кредиттерін алу қажет, бұл ғылым магистрі дәрежесін алу үшін Болон процесі мен Еуропалық кредиттерді аудару және жинақтау жүйесінің (ECTS) талаптарына сай келеді. Бағдарлама зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған және дипломдық зерттеу жұмысы, сондай-ақ курстық жұмыстар арқылы химиялық инженерия және материалдар инженериясы саласының күрделі техникалық міндеттерін жоғары деңгейде шешу дағдыларын меңгеру үшін әзірленген.
Толық ақпарат NU SEDS парақшасында: https://seds.nu.edu.kz/kz/master_of_em
Кампус: Астана, Қазақстан
Оқыту тілі: Ағылшын
Оқу форматы: күндізгі, кампуста
Ұзақтығы: 2 жыл
ECTS кредиттерінің жалпы саны: 120
1-ші оқу жылы
2-ші оқу жылы
Көптеген магистратура түлектері минералдық ресурстар секторында мемлекеттік компанияларда немесе трансұлттық компанияларда жұмыс істей бастайды. Магистратура дәрежесі түлекке жергілікті және шетелдік университеттерге PhD докторантураға түсуге мүмкіндік береді. Ақырында, магистр дәрежесі кәсіпкерлікке бағытталған жеке тұлғалар үшін стартап-компания құру арқылы шешуге болатын нақты өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерді анықтау үшін тамаша негіз болып табылады.