form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again

Оқыту

all programs

Мемлекеттік саясат магистрі

«Мемлекеттік саясат магистрі» бағдарламасы (MPP бағдарламасы) мемлекеттік саясат саласында толыққанды білім алуға және оқуға ұмтылатын мамандар үшін әзірленген екі жылдық күндізгі оқу бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарлама студенттер үшін саясатты әзірлеу мен талдауға, бағдарламаны бағалау мен басқаруда берік негіз болады.

НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP) өз түлектерінің мемлекеттік және жекеменшік секторларда, сондай-ақ шетелдік және коммерциялық емес ұйымдарда орта деңгейден жоғары деңгейге дейінгі лауазымдардың кең ауқымды аясында қызмет атқаруын көздейді. MPP көптеген инновациялық ерекшеліктерге ие. Мемлекеттік саясат пен оны талдау үшін маңызды экономика, статистикалық әдістер мен пәндерге нақты бағдарланған прогрессивті және жан-жақты білім беру бағдарламасынан басқа, ең жақсы көрсеткіштері бар студенттер семестрді Сингапурда өткізудің ерекше мүмкіндігіне ие болады.

Оқыту нәтижелері:

Бағдарламаны табысты аяқтаған жағдайда түлектер мыналарды меңгереді:

1) мемлекеттік басқару саласында жетекшілік ету және басқару;

2) саяси процеске қатысу, оған үлес қосу;

3) талдау, жинақтау, сыни тұрғыдан ойлау, мәселелерді шешу және шешім қабылдау;

4) мемлекеттік қызмет перспективасын тұжырымдау және қолдана білу;

5) әр түрлі және өзгеріп отыратын жұмыс күшімен және азаматтармен қарым-қатынас жасау және нәтижелі әрекеттесу.

 

Кәсіби құзіреттілік: сонымен қатар, бағдарлама студенттердің өз білімдерін қолданып үйренетіндігіне кепілдік береді, мысалы, эмпирикалық жаттығулар және және қоғамдық, әкімшілік және саяси мамандықтар мен секторлардағы көптеген мамандармен өзара іс-қимыл арқылы қолдану. MPP бағдарламасы бойынша мансаптық перспективаларды жақсарту үшін 3 бағыттың (экономикалық саясат, халықаралық саяси экономия немесе мемлекеттік басқару) біреуі бойынша мамандануды таңдауға болады.

 

Жалпы ақпарат:  

Кампус : Астана, Қазақстан

Тілі: Ағылшын

Оқыту нысаны: Күндізгі, Назарбаев Университетінің кампусында

Ұзақтығы: 24 ай

ECTS кредиттердің жалпы саны: : 120

 

Курстар

1 семестр

  • Микроэкономика және мемлекеттік саясат
  • Мемлекеттік саясат статистикасы
  • Мемлекеттік саясат және оны талдау
  • Саяси зерттеулерді жобалау және оның әдістері

2 семестр

  • Макроэкономика және мемлекеттік саясат
  • Мемлекеттік саясаттағы деректерді талдау
  • Мемлекеттік басқару және көшбасшылық

3 семестр (жаз)

  • Шетелдік компонент
  • Тағылымдама (3 немесе 5 семестрде өткізіледі)

4 семестр

  • Саясат және мемлекеттік саясат
  • 2 факультативтік пән
  • 3 факультативтік пән

5 семестр

  • 4 факультативтік пән
  • 5 факультативтік пән немесе тағылымдама
  • Шетелдік компоненті бар мемлекеттік саясатты талдау бойынша жаттығу (PAE)
 

 

Мансап

 

  • Мемлекеттік сектор – мемлекеттік органдарда, мемлекеттік қызметте, халықаралық ұйымдарда және коммерциялық емес ұйымдарда саясаттанушы, саясаттың жаңашылдары ретінде; саяси жетекшілерге арналған қызметкерлер.
  • Жеке сектор – білім менеджменті, HR және қоғаммен байланыс, үкіметпен байланыс бойынша кеңес беру.
  • Ғылыми қызметі – мемлекеттік саясат саласындағы немесе басқа салалардағы докторантура.

 

Стратегиялық әріптесм

Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю мектебі.



Қабылдау талаптары
Inner program image

Бағдарламаға құжат тапсыру