form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again

Оқыту

all programs

Мемлекеттік басқару магистрі

Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) – мемлекеттік басқару саласында сапалы білім алуға ұмтылатын мамандарға арналған бір жарым жылдық күндізгі бағдарлама.

MPА бағдарламасының миссиясы – орта/жоғары буынның  практик мамандарына алған білімдерін жұмыс тәжірибесінде одан әрі қолдану және Қазақстан мен Орталық Азияда басқару деңгейін арттыру үшін академиялық және кәсіптік білім беру болып табылады.

Оқыту нәтижелері:

Бағдарламаны табысты аяқтаған жағдайда түлектер мыналарды меңгереді:

1) мемлекеттік басқару саласында жетекшілік ету және басқару;

2) саяси процеске қатысу, оған үлес қосу;

3) талдау, жинақтау, сыни тұрғыдан ойлау, мәселелерді шешу және шешім қабылдау;

4) мемлекеттік қызмет перспективасын тұжырымдау және қолдана білу;

5) әр түрлі және өзгеріп отыратын жұмыс күшімен және азаматтармен қарым-қатынас жасау және нәтижелі әрекеттесу.

 

Кәсіби құзіреттілік: сонымен қатар, бағдарлама студенттердің өз білімдерін қолданып үйренетіндігіне кепілдік береді, мысалы, эмпирикалық жаттығулар және қоғамдық, әкімшілік және саяси мамандықтар мен секторлардағы көптеген мамандармен өзара іс-қимыл арқылы қолдану.



MPA бағдарламасы бойынша мансаптық перспективаларды жақсарту үшін 3 бағыттың (экономикалық саясат, халықаралық саяси экономия немесе мемлекеттік басқару) біреуі бойынша мамандануды таңдауға болады.

 

Жалпы ақпарат:  

Кампус : Астана, Қазақстан

Тілі: Ағылшын

Оқыту нысаны: Күндізгі, Назарбаев Университетінің кампусында

MPA бағдарламасы бойынша сабақ кестесі оқуды жеке және / немесе кәсіби міндеттермен үйлестіруге мүмкіндік беретін кешкі / демалыс оқу форматын білдіреді.

Ұзақтығы: 18 ай

ECTS кредиттердің жалпы саны: 92

 

Курстар

1 жыл

  • Мемлекеттік басқару теориясы мен практикасы
  • Мемлекеттік сектор басшылары үшін экономиканың қолданылу аясы
  • Мемлекеттік сектор басшыларына арналған зерттеу әдістері
  • Бағдарламаны бағалау
  • Стратегиялық басқару және көшбасшылық
  • Электив 1

Жазғы семестр

  • Фискалдық басқару және бюджеттеу
  • Шетелдік компонен

2 жыл

  • Кадр саясаты және басқару
  • Электив 2
  • Электив 3
  • Магистрлік жобаны қорғау
 

 

Мансап

 

  • Мемлекеттік сектор – мемлекеттік органдарда, мемлекеттік қызметте, халықаралық ұйымдарда және коммерциялық емес ұйымдарда саясаттанушы, саясаттың жаңашылдары ретінде; саяси жетекшілерге арналған қызметкерлер.
  • Жеке сектор – білім менеджменті, HR және қоғаммен байланыс, үкіметпен байланыс бойынша кеңес беру.
  • Ғылыми қызметі – мемлекеттік саясат саласындағы немесе басқа салалардағы докторантура.

 

Стратегиялық әріптес

Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю мектебі.



Қабылдау талаптары
Inner program image

Бағдарламаға құжат тапсыру