Жоғары мемлекеттік саясат мектебі докторантура және магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартты

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің докторантура және магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 15 мамырға дейін ұзартылды (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23:59 дейін).

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет: 

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу; 
  2. Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
  4. «Submit application»  батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. «Submit application» батырмасын басқаннан кейін өтінімге өзгерістер енгізіле алмайды.

Қабылдау департаменті жіберетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз және Жеке кабинеттегі статустарды қадағалап отырыңыз

Назарбаев Университетіне оқуға түсу мәселелері бойынша электрондық пошта арқылы gspp_admissions@nu.edu.kz (магистратура бағдарламалары үшін) және phd_admissions@nu.edu.kz (докторантура бағдарламаcы үшін) хабарласуыңызды сұраймыз.

Құрметпен,

Қабылдау департаменті