Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі магистратура бағдарламаларына онлайн тіркелудің кеш мерзімінің ашылғандығын хабарлайды

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің «Менеджмент инженериясының магистрі», «Химиялық инженерия және материалдар  технологиясы саласындағы магистратура», «Құрылыс және экологиялық инженерия саласындағы магистратура», «Механикалық және аэроғарыш инженериясы саласындағы магистратура», «Электротехника және компьютерлік инженерия саласындағы магистратура», «Биомедициналық инженерия саласындағы магистратура», «Робототехника саласындағы магистратура», «Деректер туралы ғылымдар саласындағы магистратура» және «Компьютерлік ғылымдар саласындағы магистратура»  бағдарламаларына онлайн тіркелу 2020 жылғы 13 мамырдан бастап 1 маусымға дейін жүргізіледі.

Онлайн тіркелу  үшін жеке кабинет ашып, өтінім нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Бағдарламалар бойынша толық ақпарат алу үшін осы сілтемені қолданыңыз.

Жоғарыда аталған бағдарламаларға түсу және онлайн тіркелу мәселелері бойынша Қабылдау департаментіне хабарласуыңызға болады.

Ақпарат алу телефоны: 8 (7172) 64 25 84

Email: graduate.seds@nu.edu.kz