Медицина мектебі Биомедицина ғылымдары саласындағы докторантура және Резидентура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерізімін ұзартты

Медицина ғылымдар мектебінің биомедицина ғылымдары саласындағы докторантура және резидентура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 10 мамырға дейін ұзартылды (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23:59 дейін).

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет: 

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу; 
  2. Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. Тіркелу жарнасын төлеу (бұл сома қайтарылмайды). Жарнаны онлайн/интернет транзакция жасауға арналған банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төлеуге болады;
  4. «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. «Submit application» батырмасын басқаннан кейін  өтінімге өзгерістер енгізіле алмайды.

Қабылдау департаменті жіберетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз және Жеке кабинеттегі статустарды қадағалап отырыңыз.

Назарбаев Университетіне онлайн өтінім бойынша сұрақтарды электрондық поштаға admissions.smg@nu.edu.kz (Резидентура бағдарламасы үшін) және phd_admissions@nu.edu.kz (Биомедицина ғылымдары саласындағы докторантура бағдарламасы үшін) хабарласуыңызды сұраймыз. Хабарлама жазарда ЖСН (ҚР азаматтары үшін ғана) және Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Құрметпен,

Қабылдау департаменті