Маңызды: Бакалавриат бағдарламаларының талапкерлері үшін маңызды ақпарат

Құрметті бакалавриат бағдарламасының талапкерлері!

Назарбаев Университетінің тест отралығында COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы себебінен халықаралық стандартталған SAT тесттердің өткізілуі тоқтатылғандығына орай, сонымен қатар басқа тестілеу орталықтарында SAT тестін тапсыру үшін орындардың болмауына байланысты Назарбаев Университетінің Қабылдау комиссиясы 2021-2022 оқу жылына арналған конкурс аясында ең төменгі өту балы бар SAT/ACT сертификаттарын тапсыруға мүмкіндігі жоқ талапкерлерге ALEKS PPL тестін өткізу туралы шешім қабылдады.

ALEKS PPL тестін тапсыру мерзімі 2021 жылдың 20-30 сәуір аралығында. ALEKS PPL тапсыру бойынша нұсқаулық бакалавриат бағдарламасына онлайн тіркеу аяқталғаннан кейін, admissions.nu.edu.kz веб-сайтында оқуға түсу конкурсына қатысуға тіркелген барлық талапкерлерге жіберіледі. Назар аударыңыз, бағдарламаға онлайн тіркелу мерзімі 2021 жылдың 19 сәуіріне дейін. Бакалавриат бағдарламасына өтінім беру (тіркелу) және конкурсқа қатысу тәртібі туралы ақпарат осында орналасқан.

“NIS 12 Grade certificate”, “IB Diploma program”, “Olympiad winners”, санаттарына үміткерлер, содай-ақ  ең төменгі өту балы бар SAT/ACT сертификаттары бар талапкерлерде ALEKS PPL тапсырмау мүмкіндігі бар.

Құрметпен,

Назарбаев университетінің Қабылдау департаменті.