2021-2022 академиялық оқу жылына Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасына (NUFYP) конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!

Қыр 27, 2020

Назарбаев Университеті 2021-2022 академиялық оқу жылына Университет алдындағы дайындық бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдаудың ашылғандығын және оның 2020 жылғы 27 қыркүйек пен 30 қараша (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59 дейін) аралығында қолжетімді болатындығын хабарлайды. Оқуға қабылдау үдерісіне кейбір өзгерістер енгізілді: 

  • Осы жылдан бастап конкурс екі қабылдау емтиханынан тұрады: Aptis Remote және NUFYP ET. Aptis Remote емтиханымен танысу үшін сілтемені басыңыз. Aptis Remote тестін тапсырудан босатылу үшін минималды талаптарға сәйкес келетін жарамды IELTS/TOEFL сертификатын 2020 жылдың 30 қарашасына дейін ұсыну қажет. Aptis Remote емтиханы бойынша төменгі өту талаптары кейінірек жарияланады. Сайттағы жаңартуларды қадағалауды сұраймыз.

Конкурсқа қатысу үшін талапкер келесіні орындауы қажет: 

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп жеке кабинет ашу;
  2. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды). 

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;

  1. Сауаланама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
  1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
  2. Қосымшасы бар аттестат/диплом немесе үлгіге сәйкес оқу орнынан берілген анықтаманың сканерленген көшірмесі; 
  1. “Submit application” батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Тіркелгеннен соң сауалнама нысанына өзгерістер енгізілмейді.

Келесі қадамдар: 

Сауалнама нысанына енгізілген электронды поштаңызды тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін жеке кабинетіңізді тексеріңіз.Тіркелу кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Сауалнама нысанын сәтті тапсырғаннан кейін, талапкерлер Назарбаев Университеті қаржыландыратын қабылдау емтихандарына шақырылады.

Маңызды:

  • Егер Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL сертификатыңызды ұсынғыңыз келсе, IELTS/TOEFL жарамды сертификатының ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет.
    • IELTS үшін код: Nazarbayev University 
    • TOEFL үшін код: 6762

Сонымен қатар, сертификаттың сканерленген көшірмесін өзіңіздің жеке кабинетіңізге жүктеңіз. 

Cәттілік тілейміз! Денсаулығынызды күтіңіз!