2020 жыл күз семестрінің онлайн режимінде оқытылуы

Құрметті Назарбаев Университетіне оқуға түсушілер!

Елімізде COVID-19 індетінің таралуы салдарынан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты және қауіпсіздік шарттарын сақтау мақсатында 2020 жыл күз семестрі оналйн режимінде оқытылатынын хабарлаймыз. Кампуста орналасқан зертханаларға кіру тек PhD бағдарламаларының студенттеріне және магистратура бағдарламаларының 2-курс студенттеріне ара қашықтықты сақтау және маска кию шарттарын ұстанған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Оқуға қабылданған студенттердің кампуста бола алу, басқа студенттер және оқытушылармен жүзбе-жүз танысу мүмкіндіктерінің жоқтығына қарамастан, Назарбаев Университеті білім алушыларды студенттік өмірге бейімдеуге және оқыту барысын жоғары деңгейде ұйымдастыруға  бар күш-жігерін салады.

Айқын да өзекті ақпарат алу үшін біздің ресми сайтымызды жіті қадағалауларыңызды және электронды пошталарыңызды үнемі тексеріп отыруларыңызды өтінеміз.

Оқуға түсу сұрақтары бойынша info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасы немесе +7 (7172) 642584 телефоны арқылы хабарласа аласыздар.

Аман-сау болып, денсаулықтарыңызды күтіңіздер!

 

Құрметпен,

Қабылдау департаменті