Біз туралы

артқа

Жазғы мектептер

Жазғы мектептер, әдетте, жедел академиялық және мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынады. Бұл жаңа білім меңгеру тәжірибесін алудың, басқа елдерден құрдастарымен кездесіп, әлемді көрудің керемет мүмкіндігі. Жазғы мектептің ұзақтығы жаздың бірнеше күнінен бастап бірнеше аптаға дейін өзгеруі мүмкін.

Жазғы мектепте білім алудың артықшылықтары айқын

Жаңа білім

Жазғы мектеп сізге жаңа пәндерді үйренуге немесе өзіңізге белгілі бір салада өз біліміңізді тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көптеген жазғы мектептерде сынақ бірліктері (кредиттер) беріледі, оларды білім беру тәжірибесін растау ретінде пайдалануға болады.

«Дәмін татып көру»

Жаңа білім саласында өзіңізді сынап көргіңіз келсе, оның ұнайтынын білгіңіз немесе кейіннен оқуға түсу үшін шетелдік университетке байыппен қарасаңыз, жазғы мектеп - бұл бағдарламаның немесе университеттің «дәмін татып көрудің» таптырмайтын мүмкіндігі.

Жаңа мәдени тәжірибе

Өзіңіз үшін жаңа қалалар мен елдерді ашу, басқа халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігі.

Жаңа достар

Жазғы мектепке қатысып, Сіз жаңа достар табасыз және өзіңіздің құрдастарыңыздың басқа елдерде қалай өмір сүретінін білесіз.

Жыл сайынғы Назарбаев Университетіндегі жазғы академиялық бағдарлама

SSRS (Орыс тілі және Еуразиялық зерттеулердің жазғы мектебі) студенттерге орыс тілі / қазақ тілін тереңдетіп оқып үйренуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ Еуразияның жүрегінде орналасқан қазақ мәдениеті мен пост-кеңестік елдерімен танысу үшін қарқынды оқу бағдарламасы.

 

Ұтқырлық бөлімі, Интернационалдандыру Департаменті

Тел: +7-7172-70-91-56; +7-7172-70-45-02

Email: mobility@nu.edu.kz

Байланыс үшін: