1874 жылы құрылған Колорадо Тау-кен ісі мектебі жерді және жер ресурстарын жауапты басқаруға бағытталған білім беру және зерттеу бағдарламаларын әзірлеудің арқасында АҚШ-тың ең үздік тау-кен ісі колледждерінің бірі ретінде танымал болды. Бұл инженерлік және қолданбалы ғылымдар саласындағы мемлекеттік оқу-ғылыми мекемесі. Университет Колорадо штатының, сондай-ақ АҚШ-тың басқа да мемлекеттік университеттерінің арасында ең жоғары іріктеу талаптарын қоятын оқу орындарының бірі болып табылады.
Колорадо Тау-кен ісі мектебі Payscale.com сайтының «Colleges worth Your Investment» тізімінде инвестициялар тиімділігі бойынша ең үздік университеттердің арасында орын алады. Мектеп 14 мамандық бойынша оқытатын үш колледжден тұрады: Қолданбалы ғылымдар және инженерия колледжі, Инженерия және компьютерлік ғылымдар колледжі, Табиғи ресурстар және инженерия колледжі.
Дьюк Университеті – 1838 жылы құрылған жеке мекеме. Университет 10 мектеп пен колледжден тұрады, олардың көбі бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқытуды ұсынады.
Фукуа Бизнес мектебі, Прэтт Инженерлік мектебі, Заң мектебі, Медицина мектебі, Сэнфорд қоғамдық саясат мектебі және Мейірбике ісі мектебі сияқты Университеттің жоғары рейтингті мектептері жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Дьюк Университеті сондай-ақ респектабельді Теология мектебі мен Николас Қоршаған орта мектебі жүзеге асыратын жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларды ұсынады. Fuqua School of Business «Full Time MBA» бағдарламасы жыл сайын АҚШ-тағы 5 үздік бағдарламаға кіреді.
Университеттің танымал түлектері – Билл және Мелинда Гейтс қорының тең құрылтайшысы Мелинда Гейтс; НБА ойыншысы Карлос Бузер; және бұрынғы АҚШ конгрессмені және президенттікке үш дүркін үміткер Рон Пол.
1931 жылы құрылған Берклидегі Лоуренс атындағы Ұлттық зертхана Беркли қаласына жақын жердегі Калифорния штатында орналасқан АҚШ-тың Ұлттық зертханасы болып табылады. Зертхана АҚШ-тың Энергетика департаментінің атынан ғылыми зерттеулер жүргізеді және Калифорния Университетінің басқаруымен жұмыс істейді.
Зертхананың 70 ғалымы Ұлттық ғылым академиясының мүшелері, 13 ғалымы Нобель лауреаты, 15 ғалымы Ұлттық ғылым медалінің жеңімпаздары болып табылады, зертханада периодтық кестенің 16 элементі ашылды.
Беркли зертханасында 4000-ға жуық қызметкер, 457 бакалавр, магистр және доктор бағдарламаларының студенттері жұмыс істейді. Бұдан басқа, жыл сайын Зертханада 2000-нан астам қатысушы қонақтар жұмыс істейді.
Сингапур Ұлттық университеті (СҰУ) – Сингапурдағы ең ескі жоғары оқу орны, және де студенттер саны мен оқу бағдарламалары бойынша ірі университет болып табылады.
Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі 2004 жылы ашылды және Сингапур ұлттық университетінің бөлігі болып табылады. ЛКЮ атындағы мектеп Джон Ф.Кеннеди атындағы Басқару мектебімен, Колумбия университетінің Халықаралық және қоғамдық саясат мектебімен, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебімен, Париждегі Саяси зерттеулер институтымен ынтымақтасады және Жаһандық мемлекеттік саясат желісінде (Global Public Policy Network) Азия континентінің жалғыз өкілі болып табылады.
Оук Ридж Университеттер қауымдастығы Теннесси штатының Оук-Ридж қаласында орналасқан 121 американдық университеттен құрылған консорциум болып табылады.
Қауымдастықтың миссиясы шұғыл мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; ғылым және технологиялар, ұлттық қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны басқару салаларында зерттеулер, оқыту мен тренингтер өткізу арқылы ғылыми зерттеулер мен білімді ілгерілетуге бағытталған. Денсаулық физикасы мен эпидемиология саласы Қауымдастық қызметінің басты бағыттары болып қалып отыр.
Орталықтың қызметі радиологиялық зерттеулерді өткізу, сондай-ақ радиоактивті материалдардың, берилий немесе басқа да улы заттардың әсеріне шалдыққан жұмысшылардың денсаулығына скрининг жасау жұмыстарын қамтиды.
1209 жылы құрылған Кембридж Университеті академиялық мемлекеттік зерттеу университеті болып табылады. Ашылғанына 800 жыл болған университет әлемдегі ең ескі төртінші және екінші ең көне ағылшын тілді университет болып табылады.
Университет 31 дербес колледжге бөлінген, онда студенттер шағын топтарда білім алады. Университетте өнер және гуманитарлық ғылымдар, биологиялық ғылымдар, клиникалық медицина, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, физика ғылымдары мен технология мектептері сияқты алты мектеп бар. Бұл мектептер барлық 31 дербес колледждерде орналасқан және 150-ге жуық оқытушы-профессорлар құрамы бар.
Университетте сондай-ақ жалпы 15 миллионнан астам кітаптары бар 100-ден астам кітапханалар жұмыс істейді. Құқықтық репозиторий болып табылатын негізгі кітапханада шамамен 8 миллионға жуық атаулар бар. Университеттің қарамағында 9 өнер, ғылым және мәдениет мұражайы, сондай-ақ жыл бойы қоғам үшін ашық ботаникалық бақ бар.
Университеттің 96 аффилиирленген тұлғасы әрбір санат бойынша Нобель сыйлығымен марапатталған.
Пенсильвания Университетін 1740 жылы Америка Құрама Штаттарының негізін қалаушылардың бірі Бенджамин Франклин ашқан.
Университет 12 мектептен тұрады, олардың 4-уі ЖОО және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын ұсынады, қалған 8 мектеп тек жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларды жүзеге асырады. Университеттің беделді мектептерінің арасында Уортон Бизнес мектебін, Білім беру мектебін, Инженерлік және қолданбалы ғылымдар мектебін, Заң мектебі мен Медицина мектебін атап өтуге болады. Университеттің басқа да танымал магистрлік бағдарламалары Дизайн мектебі мен Стоматологиялық медицина мектебін қамтиды.
Питтсбург университеті 1787 жылы Питтсбург академиясы ретінде құрылған мемлекеттік зерттеу университеті болып табылады. Университет американдық университеттердің беделді қауымдастығының мүшесі болып табылады, оған докторантура бағдарламаларына маманданған 63 көрнекті зерттеу университеті кіреді.
Университеттің үздік түлектері барлық кәсіби салаларда ұсынылған. Мысалы, Майк Дитка мен Дэн Марино футбол әлемінде атақты тұлғалар; АҚШ-тың бұрынғы Қаржы министрі Эндрю Меллон; және Роско Робинсон – АҚШ армиясындағы бірінші афро-американдық генерал болып табылады.
Висконсин Мэдисон Университеті 1848 жылы құрылған мемлекеттік және мекеме болып табылады. Оқу аудиторияларынан тыс жерде білімнің адам өміріне әсер етуі және адамның өмірін жақсартуы тиіс деген «Висконсин идеясына» негізделген Университеттің тарихи мұрасы қоғамға қызмет етуге бағытталған
Білім беру мектебінің, Роберт М. Фоллеттаның қоғамдық қатынастар мектебінің, Инженерия мектебінің, Бизнес мектебінің, Медицина және денсаулық сақтау мектебінің және Университеттің Заң мектебінің магистратура бағдарламалары рейтингі жоғары академиялық бағдарламалардың қатарына кіреді.
Висконсин университетінің танымал түлектері – бұрынғы вице-президент Дик Чейни, әйнек суретшісі Дэйл Чихули, жазушы Джойса Кэрол Оутс, ұшқыш Чарльз Линдберг, натуралист Джон Мьюир және сәулетші Фрэнк Ллойд Райт.
Питсбург университетінің Медициналық орталығы – 1939 жылы Питсбург университетінің жанында құрылған интеграцияланған жаһандық денсаулық сақтау саласындағы кәсіпорын.
Орталықта 89 000 қызметкерлер бар және орталық 40-тан астам академиялық, қоғамдық және мамандандырылған ауруханаларды, 4900 дәрігерді, 700 медициналық офистер мен амбулаториялық ауруханаларды, медициналық сақтандыру мен халықаралық және коммерциялық қызметтерді біріктіру арқылы медициналық қызмет көрсетуді түрлендірумен айналысады.
Орталықтың коммерциялық және жаһандық бастамаларына әлемнің жетекші трансұлттық корпорацияларымен стратегиялық іскерлік қатынастар құру, сондай-ақ Қазақстан, Италия, Ирландия, Үндістан, Канада, Қытай, Жапония, Сингапур сияқты елдерде клиникалық операциялар жасау мен консультациялық қызметтер көрсету кіреді.
Алғашқы 5 жыл ішінде НУ UCL-мен ынтымақтастықта болып, өзінің Foundation бағдарламасын жүзеге асырды. Бұл университет 2010 жылы ашылған кездегі алғашқы бағдарлама болды.
Уорвик университеті (Ұлыбритания) бір жыл мерізімінде серіктес болды.