Біз туралы

Жаһандық әріптестік

Жаһандық әріптестік НУ жаһандық қызметі әлемдегі университеттермен, ғылыми-зерттеу институттарымен, зертханалармен, клиникалық орталықтармен және өнеркәсіппен сындарлы, өзара тиімді қатынастарға негізделген.

Мұндай әріптестік қатынастар мен қауымдастықтар, студенттерімізге, оқытушыларымызға, зерттеушілерге және қызметкерлерімізге тұрақсыз, белгісіздік, күрделі және түсініксіз кезеңде жетістікке жетуге және әлеуеттерін толық ашуға мүмкіндік бере отырып, университет қоғамдастығы үшін бірегей жаһандық мүмкіндіктер ашады.

Халықаралық қауымдастықтар

Назарбаев Университеті жоғары білім берудегі мынадай әлемдік және аймақтық қауымдастықтардың мүшесі болып табылады:


Көбірек бiлу

Шетелде оқудың мүмкіндіктері

НУ өз студенттеріне халықаралық / мәдениетаралық ортада өзара әрекеттесуге және қарым-қатынас жасауға, жаһандық контекстер мен тенденцияларды түсінуге және т.б.  тұрғыдан кең мүмкіндіктер ұсынады. Кампус интернационалдандыруымен қатар (ішкі интернационалдандыру), НУ студенттердің біліммен алмасуы және жазғы мектептер арқылы ғаламдық құзыреттерді игеретіндей мүмкіндік беруге тырысады.

Көбірек бiлу

Шетелдік құрметті қонақтардың келу сапарлары

Назарбаев Университетіне құрметті қонақтардың келу сапарлары

Назарбаев Университеті жоғары дәрежелі саяси және қоғамдық қайраткерлерді: мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың басшыларын қабылдауды мақтан тұтады. 2010 жылдан бері Назарбаев Университетіне 30-дан астам құрметті қонақтар келді. Олардың ішінде: Си Цзиньпин, Князь Альбер II, Дэвид Кэмерон, Синдзо Абэ, Кристин Лагард, Нарендра Моди, Кэтрин Эштон және Жозе Мануэл Баррозу.

Көбірек бiлу

#NUgoesGLOBAL

#NUgoesGLOBAL

Иммиграция

Қазақстан Республикасының аумағына келу/кету тәртібіне қысқа мерзімде өзгерістер енгізілуі мүмкін болғандықтан, келген шетел азаматтарына сапар алдында ағымдағы жағдайды тексеру ұсынылады.

Көбірек білу

Қазақстандағы оқу мен өмір

Университетте құрылған халықаралық академиялық қоғамдастық алдыңғы қатарлы білімдермен және озық тәжірибелермен алмасуға жәрдемдесетін болады және біздің студенттердің  халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін қазіргі кезде қажет болып отырған жаһандық көзқараспен және мәдениетаралық құзыреттілікпен қаруландырады.

Көбірек білу