Назарбаев Университеті жоғары дәрежелі саяси және қоғамдық қайраткерлерді: мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың басшыларын қабылдауды мақтан тұтады. 2010 жылдан бері Назарбаев Университетіне 50-ден астам құрметті қонақтар келді. Олардың ішінде: Си Цзиньпин, Князь Альбер II, Дэвид Кэмерон, Синдзо Абэ, Кристин Лагард, Нарендра Моди, Кэтрин Эштон және Жозе Мануэл Баррозу.
11/07/2023
Людгер Шукнехт Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстанда жүзеге асырып жатқан жобалары туралы дәріс оқып, Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге барлық мүмкіндіктердің бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, сапар барысында Шукнехт мырза мен оның делегациясы ISSAI-дің жасанды интеллект (AI) және деректер ғылымы саласындағы қазіргі жобалары туралы хабардар болды.
08/06/2023
Георгиева ханым "Қазақстанда және Орталық Азия мен Кавказ елдерінде тұрақты, инклюзивті және жасыл экономикаға жол ашу" тақырыбында баяндама жасады. Ол сыртқы күйзелістерге қарсы тұру үшін үш негізгі бағытты (инклюзивтілік, жеке секторды дамыту және климаттың өзгеруін азайту) атап өтті. Дәріс сұрақ-жауап сессиясымен жалғасты.
23/05/2023
Халима Якоб ханым "Арыстан қаласынан Ұлы Далаға" атты дәрісінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы сенімді және өзара тиімді 30 жылдық ынтымақтастық туралы сөз қозғады. Кездесу соңында Президент ханымға Назарбаев университетінің құрметті профессоры атағы берілді.
11 қазан, 2022 ж.
Доктор Мохамад Малики Бин Осман НУ басшылығымен кездесті. Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) деканы, оқытушылар құрамы және студенттермен «Шағын мемлекеттің қиындықтары және Сингапурдың заманауи жағдайдағы дамуы» тақырыбында талқылау, содан кейін сұрақ-жауап сессиясы өтті
12 тамыз, 2022 ж.
Ол өз сөзінде БҰҰ-да аз өкілдік ететін елдердің болашағы зор сегіз жас дипломатты өз кеңсесінде қызмет етуге шақыру және қолдау көрсету жөніндегі PGA жастар стипендиясы бағдарламасы туралы айтты. Сондай-ақ ұйымға жастардың жан-жақты және тиімді қатысуына ықпал ету үшін БҰҰ Жастар кеңсесін құру жоспарлануда.
23 қазан 2017 ж.
Гурриа жаһандануды неғұрлым әділ, барынша жан-жақты, тұрақты және тиімді етіп жасау үшін керекті шешімдерге шолу жасамас бұрын, соңғы проблемаларды және ұзақ мерзімді құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, осындай наразылықтың көздерін қарастыралды.
23 маусым, 2017 ж.
Сума Чакрабарти мырзаның дәрісі «Қазақстан және Орталық Азия: тиімді нарықтық экономикаға көшу» тақырыбына арналған.
5 сәуір, 2017 ж.
Алимов мырза «ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық» тақырыбында дәріс оқыды. ШЫҰ-ның Бас хатшысы Қазақстанның ұйымдастырудағы ерекше үлесі мен рөлін атап өтті.
24 мамыр, 2016 ж.
Кристин Лагард ханым ғаламдық және өңірлік орта, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің проблемалары мен мүмкіндіктері туралы дәріс оқыды.
2 қараша, 2015 ж.
АҚШ мемлекеттік хатшысы «АҚШ пен Орталық Азия: 21 ғасырдағы әріптестер» тақырыбында дәріс оқыды.
27 қазан, 2015 ж.
Премьер-министр Синдзо Абэ Жапонияның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы туралы дәріс оқыды. Өзінің сөзінде Премьер-министр Жапонияның Қазақстанның өнеркәсіп пен медицина салаларындағы білікті мамандарын даярлауда белсенді көмек көрсетуіне тоқталып өтті.
7 шілде, 2015 ж.
Назарбаев Университетінде сөйлеген сөзінде премьер-министр Моди университеттің алғашқы түлектерін құттықтап, еліміздің көптеген салаларындағы жетістіктері мен көшбасшылығындағы білімнің маңыздылығын атап өтті.
5 мамыр, 2015 ж.
Жозе Мануэль Баррозу өзінің дәрісін Еуропалық Одақтың халықаралық қатынастарына және оның жаһандық дағдарысқа ден қоюына, сондай-ақ еуропалық интеграцияға және Еуропалық Одақ пен Қазақстанның қарым-қатынастарын дамыту мәселелеріне арнады.
7 қыркүйек, 2013 ж.
Назарбаев Университетіндегі сөйлеген сөзінде Президент Си Цзиньпин алғаш рет Жаңа Жібек жолы атты тарихи бағдар бойынша елдерді біріктіретін “Бір белдеу – бір жол” (One Belt – One Road) атты интеграциялық жобасын жариялады. Осы сөйлеген сөзден кейін ҚХР Үкіметінің бастамасы Қытайдың Еуразия өңірі, Таяу Шығыс және Африкада елдерімен экономикалық және мәдени интеграцияның іргетасы болды.
1 шілде, 2013 ж.
Болашақ инженерлер Дэвид Кэмеронға механикалық инженерия мен азаматтық құрылыс саласындағы үш зертханалық эксперимент көрсетті.