Біз туралы

Рейтинг және Аккредиттеу

Рейтинг
Институционалдық аккредиттеу
Институционалдық бағалау
Бағдарламалық аккредиттеу

Times Higher Education World University Rankings (THE WUR)

Назарбаев Университеті (NU) Times Higher Education 2024 жылғы халықаралық университеттер рейтингі (THE WUR) бойынша халықаралық зерттеу университеттерінің үздік 30 процентінің қатарына енді. THE WUR - бұл университеттердің әлемдік рейтингтік кестесі.

Назарбаев Университеті 501-600 аралығындағы позицияда орналасып, Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ университеттер арасында үздік көрсеткіштерге ие болды. THE WUR зерттеуге ерекше назар аудара отырып, университеттің жұмысын жан-жақты бағалайтын деректерге негізделген әдістемені пайдаланады; бұл тәсіл әсіресе NU-нің зерттеу миссиясымен жақсы үйлеседі. THE WUR оқу мен зерттеулерді бағалау үшін Elsevier зерттеу нәтижелерінің деректерін, белсенді зерттеушілердің сараптамалық бағалауларына негізделген бедел деректерін және университеттің өзі ұсынған қаржылық және халықаралық перспективалар туралы деректерін пайдаланады.

NU 2030 жылға қарай әлемдегі ең үздік 20% университеттің қатарына кіруді мақсат етіп отыр.

 

THE Жас университеттердің әлемдік рейтінгі 2024

NU Times Higher Education (THE) 2024 нұсқасы бойынша жас университеттердің әлемдік рейтингінде 79 ел мен аумақты қамтитын 673 оқу орнының ішінде 106-орынды иеленді. Рейтинг университтердің білім беру, зерттеулер жүргізу сапасын, халықаралық деңгейдегі әлеуетін, 50 жыл немесе одан ерте құрылған әлемдегі ең мықты университеттермен байланысын сәл өзгерген салмақтармен бағалайтын Дүниежүзілік университеттер рейтингінің әдістемесін қолданылады. Толық нәтижелерді веб-сайттан қараңыз.

THE  Азия университеттерінің рейтінгі 2024

 

NU 2024 жылғы Times Higher Education (THE) Asia University Rankings тізімінде 739 жоғарғы оқу орындары арасында 129 орын алды. Азия университеттеріне арналған рейтингтер Азия институттарының ерекше сипаттамаларына сәйкес түзетілген THE әлемдік рейтингінде қолданылатын критерийлерді пайдаланады. Бұл рейтингтер университеттер арасында жан-жақты және әділ салыстыруды қамтамасыз ете отырып, оқыту сапасы, зерттеу нәтижелері, білім беру және халықаралық әлеует сияқты негізгі миссиялар бойынша университеттерді бағалайды.

Толық нәтижелерді мына сілтемеден көре аласыз.

Пәндер/мамандықтар бойынша рейтинг

Пәндердің кең ауқымымен айқындалатын Назарбаев Университетінің академиялық көшбасшылығы әлем университеттерінің пәндік рейтингтеріне сәтті қатысуынан көрініс табады.

2024 жылғы Times Higher Education әлемдегі ең үздік университеттердің пәндік рейтингіне 22 пән енгізілді, бұл университеттің академиялық бағдарламалар портфолиосының жоғары сапасын көрсетеді.

 

 

 

Times Higher Education пәндер/мамандықтар бойынша әлемдік университеттер рейтінгі, 2024 ж.

 

Пән

NU позициясы

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

 401-500

Тарих, философия және теология

 

Тілдер, әдебиет, тіл білімдері

 

Бизнес және экономика

601-800

 

Бухгалтерлік есеп және қаржы

 

Бизнес және менеджмент

 

Экономика және эконометрика

 

Медицина және денсаулық ғылымдары

501-600

Медицина және стоматология

 

Басқа денсаулық ғылымдары

 

Компьютерлік ғылымдар

401-500

Есептеу техникасы

 

Білім

251-300

Білім

 

Инжиниринг

401-500

Химиялық инженерия

 

Құрылыс инжинирингі

 

Электротехника и электроника

 

Жалпы инженерия

 

Механикалық инженерия

 

Өмір туралы ғылымдар

601-800

Биология ғылымдары

 

Физика ғылымдары

501-600

Химия

 

Геология, қоршаған орта, жер және теңіз туралы ғылымдар

 

Математика

 

Физика және астрономия

 

Әлеуметтік ғылымдар

401-500

Қоғаммен байланыс және БАҚ

 

Саясат және халықаралық қатынастар

 

Әлеуметтану

 

 

Екі пән – телекоммуникациялық инженерия және электронды инженерия – Shanghai Ranking басқаратын 2023 жылғы беделді жаһандық академиялық пәндер рейтингіне енгізілген.

Бұл сәтті нәтижелер Университеттің академиялық бағдарламаларының әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігінің айқын көрінісі.

Subject
NU's rank
Electrical & Electronic Engineering
401-500
Telecommunication Engineering
201-300