Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер,
Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті сіздерді «Тиімді коммуникация: жұмыс орнында және өмірде қарым-қатынасты жақсарту» атты тренингке шақырады.
Тиімді коммуникация - тек сөйлесу емес, ол тыңдау, эмпатия және ойды анық жеткізу дағдылары. Бұл дағдылар жұмыс орнындағы өзара түсіністікті арттырып, сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Тренинг барысында сіз:
• Коммуникациядағы жиі кездесетін кедергілерді танып, жеңуді
• Белсенді тыңдау мен жанашыр жауап беруді
• Ойыңызды нақты және сыпайы жеткізуді
• Қиын әңгімелерді сенімді жүргізуді үйренесіз
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 17 шілде, 12:30
Өтетін орны: C3 офисі 2001 блогы
Жүргізуші: Сымбат Абдрахманова, психолог
Өтетін тілі: қазақ және орыс тілдері
Тіркелу: селтемесi
Қарым-қатынасыңызды жақсартыңыз - байланысыңызды нығайтыңыз!
Сіздің әл-ауқатыңызға деген қамқорлықпен,
Психологиялық кеңес беру қызметі
Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті
Байланыс ақпараты: Клара Агаева (старший психолог) 87779278621
21 шілде
Conferences
3 шілде
Info-sessions