form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again
барлық оқиғалар
Info-sessions 23 шілде 2025, сәрсенбі

Шілде айында Red Folder тренингі

#

Шілде айында Red Folder тренингі

23 шілде 2025, сәрсенбі Info-sessions

Құрметті NU қауымдастығы,

Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және білім алушылардың психикалық әл-ауқатын қолдау мақсатында Университеттің Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті барлық қызметкерлер мен оқытушыларды Red Folder тренингіне қатысуға шақырады.

Red Folder - бұл университеттегі оқытушылар мен қызметкерлерге студенттің психологиялық немесе эмоционалдық дағдарысының белгілерін тануға және кәсіби әрі уақтылы қолдау көрсету үшін тиісті әрекет етуге көмектесетін жедел әрекет жөніндегі нұсқаулық.

Red Folder тренингі алғаш рет АҚШ университеттерінде студенттердің психикалық денсаулығына байланысты дағдарыстық жағдайларына әрекет ету бойынша қолдау қызметтерінің байланыс деректері мен нұсқаулықтары бар (қызыл папка) көрнекі ресурс ретінде енгізілген болатын. Қызыл түс әдейі таңдалып, жеделдік, маңыздылық және маңызды ақпаратқа тез қол жеткізуді білдіреді. Бүгінгі таңда Red Folder оқыту бағдарламасы әлемнің көптеген жетекші университеттерінде, соның ішінде Калифорния университеті Лос-Анджелесте (UCLA), Оңтүстік Калифорния университетінде (USC), Аризона университетінде, Остин қаласындағы Техас университетінде және Нортвестерн университетінде кеңінен танылып, қолданысқа енгізілген.

Red Folder оқытуы - университетте қауіпсіз, қолдаушы және жауапты орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл оқыту NU-де студенттердің психикалық денсаулығын қолдауға арналған жүйелі тәсілдің бір бөлігі болып табылады және дағдарыстық жағдайларда тиімді әрекет ету үшін қажетті білім мен сенімділікті қалыптастыруға көмектеседі:

  • Білім алушылардағы эмоционалды және мінез-құлық дағдарысының белгілерін тану;
  • Жағдайды бағалау және әрекет ету шаралары;
  • Университетте көмек көрсетудің негізгі байланыстары мен рәсімдері.

Red Folder тренингіне 2025 жылдың шілде айында қатысу үшін қызметкерлер мен оқытушылардан келесі қолжетімді күндердің біріне онлайн тіркеуден өтуді сұраймыз: 23 шілде (орыс және қазақ тілдерінде) немесе 25 шілде (ағылшын тілінде)

Басталу уақыты: 15:00
Ұзақтығы: 2-2,5 сағат
Өтетін орны: 1-блок, 1-қабат, Үміткерлер залы (Applicants Hall)


Сіздің әл-ауқатыңызға деген қамқорлықпен,

Психологиялық кеңес беру қызметі

Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті


Байланыс ақпараты: klara.agayeva@nu.edu.kz


Осы мақаламен бөлісіңіз

Осы айдың басқа оқиғалары

Conferences 21 шілде

15th ISAAC Congress to Be Held in Kazakhstan for the First Time

ISAAC-2025 алғаш рет Қазақстанда өтеді2025 жылғы 21–25 шілде аралығында Назар...
Info-sessions 3 шілде

Онлайн Q&A сессиясы Social Startup 2025

Info-sessions 18 шілде

Expert Talk: FinTEx бас директоры Айжан Аймбетовамен кездесу

#

21 шілде

Conferences

15th ISAAC Congress to Be Held in Kazakhstan for the First Time

Offline on Campus
#

3 шілде

Info-sessions

Онлайн Q&A сессиясы Social Startup 2025

Online
18 шілде · Info-sessions Info-sessions

Expert Talk: FinTEx бас директоры Айжан Аймбетовамен кездесу