«Назарбаев Университеті» стипендиясы Басқарушы кеңестің шешімімен бекітілген «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының білім алушыларын стипендиямен қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген рәсімдерге сәйкес «Назарбаев Университеті» білім беру гранты бойынша Университеттің білім алушыларына тағайындалады.
«Назарбаев Университеті» стипендиясының мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. Тыңдаушыларға, резидентура тыңдаушыларға және докторанттарға «Назарбаев Университеті» стипендиясы оқытудың барлық мерзіміне тағайындалады және ай сайын төленеді.
Оқытудың бірінші семестрінде бакалаврларға және магистранттарға «Назарбаев Университеті» стипендиясы оқытудың барлық мерзіміне тағайындалады және ай сайын төленеді.
Келесі семестрлерде бакалаврларға және магистранттарға «Назарбаев Университеті» стипендиясы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша «Назарбаев Университеті» стипендиясын тағайындау және төлеу критерийлеріне сәйкес тағайындалады және ай сайын төленеді.
Студенттер санаты |
Мектеп |
Критерийлер |
Стипендия түрі |
Дайындық мектебінің тыңдаушылары |
Дайындық мектебі |
Барлық кезеңге |
Дайындық мектебінің тыңдаушыларына арналған стипендия -35 613 теңге |
Бакалаврлар |
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі |
GPA 3,67 және одан жоғары |
Бакалаврларға арналған жоғары стипендия – 48 182 теңге |
GPA 2,33 – 3,66 |
Бакалаврларға арналған стипендия – 41 898 теңге |
||
Медицина мектебі |
GPA 3,67 және одан жоғары |
Бакалаврларға арналған жоғары стипендия – 77 280 теңге |
|
GPA 2,33 – 3,66 |
Бакалаврларға арналған стипендия – 67 200 теңге |
||
Магистранттар |
Жоғары бизнес мектебі, Жоғары білім мектебі |
GPA 3,0 және одан жоғары |
Магистранттарға арналған стипендия - 181 250 теңге |
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі, Медицина мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі |
GPA 2,67 және одан жоғары |
||
Медицина мектебі: Медицина докторы бағдарламасы |
«Pass» («Сынақтан өтті») барлық пәндер бойынша |
||
Докторанттар |
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі, Медицина мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Жоғары бизнес мектебі, Жоғары білім мектебі |
Барлық кезеңге |
Докторанттарға арналған стипендия – 217 500 теңге |
Резидентура тыңдаушылары |
Медицина мектебі |
Барлық кезеңге |
Резидентура тыңдаушыларға арналған стипендия – 111 579 теңге |
Дайындық орталығының тыңдаушыларына, бакалаврларға және магистранттарға жол жүру өтемақысы төленеді. Студент-бакалаврлар және магистранттар өтемақыны жылына екі рет – ақпан және маусым айларында алады. Дайындық орталығының тыңдаушылары жол жүру өтемақысын жылына бір рет ақпан айында алады. Түлектер жол жүру өтемақысын жылына бір рет алады.
Сондай-ақ стипендиялардың басқа да түрлері бар. Атаулы және өзге де стипендияларды мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар тағайындайды. Стипендиялардың мөлшерін, тағайындау тәртібі мен шарттарын олардың құрылтайшылары дербес белгілейді. Толық ақпарат алу үшін Bursar’s office-не хабарласыңыз: +7 (7172) 70 66 20, 70 60 32, 70 91 99, 70 60 86, 70 90 27, каб. 1248В Block 1, еmail: bursars_office@nu.edu.kz