Қабылдау талаптары:
1. Бакалавр және магистр дәрежелері (немесе баламалары). Онлайн тіркелу кезеңінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері ағымдағы транскриптті ұсына алады;
2. Магистр дәрежесі бойынша CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) 4.00-ден кем дегенде 2.75 болуы тиіс;
3. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі:
1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы.
TOEFL iBT Home Edition, TOEFL PDT, IELTS Online және IELTS Indicator нәтижелері қарастырылмайды;
2) Бағдарламаға түсетін үміткерлер мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
— үміткер академиялық дәрежесін ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас және оқыту тілі болып табылатын елде алған жағдайда;
— ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда.
4. Талдау және математикалық қабілеттерін GRE немесе GMAT тестілерінің нәтижелері арқылы көрсетуі (болғаны абзал);
5. Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық.
Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі:
Барлық ұсынылған құжаттар ағылшын тілінде немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасымен болуы тиіс:
-
Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе төлқұжат (шетел азаматтары үшін);
-
Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (болған жағдайда);
-
Бакалавр және магистр дипломдары және олардың қосымшалары. Онлайн тіркелу кезінде магистратура бағдарламасының соңғы курс студенттері жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптерін жүктей алады;
-
IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде жарамды), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: NU. TOEFL үшін код: 6762;
-
Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS/TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Аталмыш үміткерлерге жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыма тапсыру қажет;
-
Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE немесе GMAT сертификаттары (болғаны абзал);
-
Үміткердің алдыңғы білімі, бағдарламаға жеке мүдделілігі, кәсіби дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары және бұл бағдарлама оған алдына қойған мақсаттарына жетуіне қалай көмектесе алатынын сипаттайтын негіздеме хат (500 сөз);
-
Cоңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат, екеуінің кем дегенде біреуі академиялық ұсыным болуы тиіс (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
-
Түйіндеме (1 беттен аспайтын).