Біліктілікті арттыру бағдарламаларын Назарбаев Университетінің бірнеше мектептері ұсынады.
Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) қысқа мерзімді бағдарламалары компаниялардың басшылары мен менеджерлеріне арналған және қазіргі және ықтимал мәселелерді жан-жақты түсінуге және шешуге мүмкіндік беретін стратегиялық ойлауды дамытуға бағытталған. Сіз өзіңіздің біліктілігіңізді арттырып, жаңа трендтер, шеберлік құралдаы мен іскерлік мәселелерді шешу жолдарын үйреніп, кәсіби байланыстар желісін кеңейтесіз.
НУ ЖБМ қысқа мерзімді бағдарламалары:
— Тіркелуі ашық бағдарламалар. Басқару дағдыларын дамыту үшін түрлі секторлардың мамандарына арналған 2-3 күндік бағдарламалар.
— Корпоративтік бағдарламалар. Бағдарламалар бизнестің ерекшеліктерін ескере отырып, компанияның қажеттіліктеріне байланысты әзірленеді.
— Business Talk & Coffee мастер-класстары. Ағымдағы бизнес тақырыптар бойынша тегін мастер-класстар сериясы
Кәсіби білім бағдарламасының (КББ) мақсаты саясатты әзірлеушілерді серпінді дамып жатқан әлемдегі күрделі проблемаларға әрекет ету үшін дағдылар мен тәсілдермен қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаларымызға қатысу арқылы мемлекеттік саясат мамандары мықтырақ көшбасшы, тиімді менеджер және қабілетті саясатты әзірлеушілер болады.
Біздің халықаралық профессорлар, интегрирленген тәсіл және тиімді басқару арқылы дамуға болысуға берілгендік – осының барлығы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Қазақстан мен Орталық Азиядағы саясаткерлер мен көшбасшыларды баптаудың оң ортасы болудың құрамдас бөлігі.
Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУММ) Қазақстан Республикасында медициналық білім беру сапасын арттыру және елдің денсаулық сақтау жүйесін реформалау міндеттерін шешу үшін қажетті денсаулық сақтау жүйесін трансформациялауға ықпал ету мақсатында құрылды. Ол бүкіл әлемнен жиналған әртүрлі профессор-клиницистер мен ғалым-биомедиктер ағылшын тілінде оқытатын американдық стильдегі республикадағы алғашқы оқу бағдарламасын ұсынады.
Стратегиялық академиялық әріптес Питтсбург Университеті медициналық мектебі болып табылады
NUGSE миссиясының бөлігі – өмір бойы оқу мен кәсіби дамудағы құндылықтарды насихаттау. Біз кәсіби даму бағдарламаларының отаны болып табыламыз. Германия, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және АҚШ-тың танымал оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, біздің ұсыныстарымыз университет президенттеріне, жоғары білім берудің орта буын менеджерлеріне, оқытушылар мен мектеп мұғалімдеріне қолжетімді.
2016 Established