Назарбаев Университеті (NU) әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды студенттерді тарта отырып, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын, сондай-ақ университетке дейінгі дайындық пен резидентура бағдарламаларын ұсынады.
Оқу бағдарламасы |
Оқу ақысы* |
Университет алдындағы дайындық бағдарламасы |
$12 000 |
Бакалавриат бағдарламалары |
$15 000 |
Магистратура бағдарламалары |
$16 000 |
Докторантура бағдарламалары |
$23 500 |
Медицина докторы бағдарламасы |
$25 000 / $30 000 (шетел азаматтары үшін) |
Резидентура бағдарламалары |
$11 200 |
*Қазақстан Республикасының азаматтары үшін оқу ақысы Университет бекіткен АҚШ долларының есептік бағамы бойынша ұлттық валютада есептеледі.
Ақылы бағдарламаларға қабылдау барлық қабылдау талаптарына сай келетін үміткерлерге қолжетімді. Университет жыл сайын ақылы оқу негізіндегі қабылдау квоталарын белгілейді.
Қаржылық қолдау қабылдау талаптарына сәйкес оқуға түсу емтихандары бойынша қажетті ең төменгі балл жинаған және тиісті сертификаттарды ұсынған талапкерлерге беріледі. Қаржылық қолдау НУ-ға ақылы білім алуға өтінім берген, сондай-ақ ақылы негізде оқуға түсу үшін ең төменгі талаптарға сай келетін (NUFYP және бакалавриат бағдарламалары үшін расталған IELTS жәнеGPA/ҰБТ нәтижелері бар талапкерге) және грант конкурсына қатыспайтын талапкерлерге көрсетілмейді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік осал топтарына арналған қаржылық қолдау:
75% оқу ақысын өтеу келесі санаттарға:
Олимпиада жеңімпаздары үшін*:
Бакалавриат бағдарламаларына 25% оқу ақысының өтемақысы келесі халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына беріледі.
Халықаралық пәндік олимпиадалар:
Қазақстан Республикасының республикалық пәндік олимпиадалары:
Халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздары үшін ең төменгі қабылдау талаптары:
Олимпиада түрі |
Жүлделі орын |
Сұхбат |
|
Халықаралық пәндік олимпиада | Алтын, күміс немесе қола (I, II, III орын) – соңғы үш жылда | Қажет | |
Республикалық пәндік олимпиада | Алтын немесе күміс (I, II орын) – ағымдағы оқу жылында |
Назарбаев Университетінде ақылы негізде оқитын бір отбасынан шыққан екінші және одан кейінгі студенттерге:
Бір отбасынан шыққан, Назарбаев Университетінде ақылы негізде оқитын екінші және одан кейінгі студенттерге 25% оқу ақысын өтеу ұсынылады.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлеріне арналған:
Қазақстандық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлерге 50% оқу ақысын өтеу ұсынылады.
Қосымша қаржылық қолдау:
Бір оқу жылының 100% оқу ақысын бір реттік төлем арқылы төлеген жағдайда, 5% оқу ақысын өтеу қарастырылған.
Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің (ЖБМ) оқу ақысы туралы толық ақпаратты мына сайттан таба аласыз: gsb.nu.edu.kz
Талапкерлерге арналған байланыс деректері:
Телефон: +7 (7172) 64 25 84, +7 (747) 094 02 30
Электрондық пошта: info_admissions@nu.edu.kz
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, 1-блок, 1.111-каб.
Төлем мәселелері бойынша байланыс:
Телефон: +7 (7172) 70 90 27, +7 (7172) 70 60 32
Электрондық пошта: bursars_office@nu.edu.kz
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, 1-блок, 2-қабат, 1.248B-каб.