барлық хабарландырулар
2024, сәуір 23

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің магистратура және докторантура бағдарларына онлайн өтінімдерді қабылдау төмендегі кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұзартылды: 

Мектеп

Бағдарлама түрі

Онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі

Тест нәтижелерін тапсырудың соңғы мерзімі

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі

Магистратура

29 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін)

10 мамыр 2024 ж.

Докторантура

29 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін)

6 мамыр 2024 ж.

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;

2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;

3. «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймесін басу арқылы өтінім беру процесін аяқтау және тіркелу жарнасын (қайтарылмайтын сома) онлайн/интернет транзакциялар өткізу мүмкіндігі бар банк картасы арқылы төлеу.

Бұл процестер аяқталғаннан кейін үміткерлер өз өтінімдеріне өзгерістер енгізе алмайды.

4. IELTS (Online test басқа) / TOEFL (Home Edition-тан басқа) нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.

  • IELTS тапсыру үшін код: NU
  • TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762

Кейбір үміткерлер ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін тапсырудан босатылуы мүмкін. Толығырақ «Қабылдау» - «Бағдарлама түрлері» - «Магистратура» - «Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі» парақшасында.

Өтінім беру туралы сұрақтар бойынша info_admissions@nu.edu.kz мекенжайына хабарласуыңызға болады. Хат жіберген кезде әр үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін және бағдарлама атауын жазуды ұмытпаңыз.

2024, сәуір 23

Осы мақаламен бөлісіңіз