2025-2026 академиялық жылына қабылдау үшін Назарбаев Университетінің магистратура бағдарламаларына және "Медицина докторы" бағдарламасына онлайн өтінімдер ашылғанын қуана хабарлаймыз. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Өтініміңізді уақытында тапсыру үшін төмендегі маңызды мерзімдер мен мәліметтерді мұқият қарап шығыңыз.
Барлық грант түрлері үшін мерзімдер*: 2024 жылғы 23 желтоқсан, 14:00 (Астана уақытымен) (Қазақстан азаматтары мен шетелдік үміткерлер үшін)
Толық ақылы негізде оқуға түсушілер үшін мерзімдер*:
- Шетелдік үміткерлер үшін: 2025 жылғы 17 наурыз сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
- Қазақстан азаматтары үшін: 2025 жылғы 25 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
Тіркелу жарнасы*:
- Стандартты тіркелу жарнасы: 15 000 теңге
- Кеш тіркелу жарнасы: 45 000 теңге тіркеу жарнасы алғашқы бекітілген соңғы мерзімге дейінгі соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылған кезеңде қолданылады.
*Іскерлік әкімшілендіру магистрі және Қаржы жөніндегі ғылым магистрі бағдарламаларына өтінім беру мерзімдері мен тіркелу жарнасы өзгеше:
- Ерте тіркелу: 2024 жылғы 23 желтоқсан сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен) (шетелдік үміткерлер мен Қазақстан азаматтары үшін). Тіркелу жарнасы – 15 000 теңге;
- Стандартты тіркелу: 2025 жылғы 17 наурыз сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен) (шетелдік үміткерлер мен Қазақстан азаматтары үшін). Тіркелу жарнасы – 30 000 теңге;
- Кеш тіркелу: 2025 жылғы 25 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен) (тек Қазақстан азаматтары үшін). Тіркелу жарнасы – 45 000 теңге.
Қалай өтінім беру керек:
1️. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашыңыз.
2️. Өтінім формасын толтырып, барлық қажетті құжаттарды Жеке кабинетке жүктеңіз.
3️. Тіркеу ақысын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберіңіз.
Маңызды: Тіркеу ақысы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде онлайн-банктік картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.
IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну:
IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Институт кодтары:
- IELTS: Nazarbayev University
- TOEFL: 6762
Көмек керек пе?
Өтінім беру барысында қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберіп, Applicant ID нөміріңізді көрсетіңіз.
Ескерту: Төлем ұлғаюының алдын алу және Назарбаев Университетінде орныңызды қамтамасыз ету үшін өтінімді ертерек жіберіңіз!
Сәттілік тілейміз!
Қосымша ақпарат алу үшін біздің веб-сайтқа кіріңіз: nu.edu.kz/admissions