
2025-2026 академиялық жылына қабылдау үшін Назарбаев Университетінің докторантура (PhD) бағдарламаларына онлайн өтінімдер ашылғанын қуана хабарлаймыз. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Онлайн өтінім беру соңғы мерзімдері:
-
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2025 жылғы 21 сәуірді қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша);
-
Шетелдік үміткерлер үшін 2025 жылғы 03 наурызды қоса алғанда (14:00 Астана уақыты бойынша).
Тіркелу жарнасы:
-
Стандартты тіркелу жарнасы: 15 000 теңге
-
Кеш тіркелу жарнасы: 45 000 теңге, алғашқы бекітілген соңғы мерзімге дейінгі соңғы екі аптадағы тіркеу жарнасы.
Конкурсқа қатысу үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет:
1️. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашу.
2️. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.
3️. Тіркеу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.
Маңызды: Тіркеу ақысы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде онлайн-банктік картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.
4. IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Институт кодтары:
-
IELTS: Nazarbayev University
-
TOEFL: 6762
Келесі қадамдар:
Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, phd_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Ескерту: Төлем ұлғаюының алдын алу және Назарбаев Университетінде орныңызды қамтамасыз ету үшін өтінімді ертерек жіберіңіз!
Вебинарға шақырамыз!
Күні: 2024 жылғы 28 қараша
Уақыты: 15:00-16:00 (Астана уақыты бойынша)
Форматы: онлайн
Назарбаев Университетінің PhD бағдарламаларына онлайн өтінім тапсыру процесі туралы толығырақ білу үшін вебинарға қосылыңыз!
Қосымша ақпарат алу үшін біздің веб-сайтқа кіріңіз: www.nu.edu.kz/admissions
Сәттілік тілейміз!