Қабылдау

Жалпы ақпарат

Назарбаев Университетіне оқуға қабылдау бағдарламалары меритократия (merit based) қағидатына негізделеді, бұл үміткерлерді олардың академиялық жетістіктеріне қарай таңдауды, оқуға түсу үшін барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді білдіреді, бұл басқа бір факторлардың әсерінен тыс, ең үздік және дарынды студенттерді таңдауға көмектеседі. Осылайша, Назарбаев Университетінің бағдарламаларына қабылдау талаптары азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, талапкер түлегі болып табылатын білім беру ұйымының мәртебесіне және т.б. қарамастан, барлық үміткерлер үшін бірдей.

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

 

Назарбаев Университеті немен ерекшеленетінін білгіңіз келе ме? Онда біз сізді жеке кеңес алуға және/немесе шабыттандыратын кампус турына шақырамыз!

Біздің заманауи кампус, жатақхана және спорт орталығын аралап, инновациялар мен мүмкіндіктер әлемін ашыңыз! Студенттік өмірдің атмосферасын сезініп, біздің мамандықтарға оқуға түсу туралы сұрақтар қойыңыз.

Жазу үшін төмендегі түймені басып мәліметтерді нақтылау және келесі нөмірлер бойынша растау үшін бізге қоңырау шалыңыз+7 (7172) 64-25-84; +7 (747) 094-02-30.


Мен қатысқым келеді

Болашағыңызға қарай қадам жасау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Біз сіздерді күтеміз және жаңа ашылулар әлеміне қуанышпен жетелейміз!


Талапкерлерді қолдау орталығы:

Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, 1 блок, 1111 кабинет.

Тел.: +7 (7172) 64 25 84

Тел.: +7 (747) 094 02 30

Пошта: info_admissions@nu.edu.kz

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 9:00 - 18:00

Хабарландырулар