Қазіргі уақытта біз ғылым бакалавры деңгейінде 3 бағдарламалар ұсынамыз:
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (NU SMG) 2016 жылы ашылды және қазіргі уақытта бакалавриат деңгейінде «Геология», «Тау-кен инжинирингі» және «Мұнай-газ ісі» және магистратура мен докторантура деңгейлерінде «Тау-кен инжинирингі» және «Мұнай-газ ісі» саласында бағдарламалар ұсынады. NU SMG мақсаты - болашақ Жер туралы ғылымдар саласындағы көшбасшыларды оқыту және Қазақстанның, аймақтартың және әлем нарығына дайындау. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің көздеген бағыты білім және технологияны оқуты мен зерттеу жолдарымен арттыру болып табылады. Жер туралы ғылым мен білім саласындағы ұлттық және халықаралық көшбасшы ретінде танымал болу. Жердегі табиғи ресурстарды қауіпсіз, сапалы, тиімді, экологиялық жауапкершілік қағидатына негізделген индустрияны дамыту мақсатында білім мен технологияларды трансляциялау. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі жергілікті және халықаралық университеттер мен компаниялармен, соның ішінде АҚШ-тағы Colorado School of Mines мектебімен серіктес.
Қазіргі уақытта біз ғылым бакалавры деңгейінде 3 бағдарламалар ұсынамыз:
Тау-кен инжинирингі, бакалавриат
Геология, бакалавриат
Мұнай-газ ісі, бакалавриат