NUSOM медицина саласындағы мансапқа ұмтылатын студенттерге арналған үш мамандандырылған бакалавр бағдарламасын ұсынады.
Назарбаев Университетінің Медицина Мектебі (NUSOM) денсаулық сақтаудың жаһандық желісінен алынған медициналық клиникалармен және биомедициналық ғалымдармен бірлесе отырып, АҚШ үлгісіндегі оқу бағдарламасына сәйкес, барлық бағдарламаларын ағылшын тілінде ұсынған алғашқы мектеп. NUSOM Қазақстан Республикасындағы медициналық білімнің сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласындағы реформалардың міндеттеріне жауап беретін медициналық көмектің трансформациялық жүйесін жасау үшін құрылған. NUSOM бағдарламалары студенттерімізді медициналық мамандарға айналдыратын заманауи технологияларды ұсынады. Медицина мектебіне үміткерлер өтініштерді қараудың қатаң рәсімінен өтеді және NUSOM қабылдау бөлімінің шешімі бойынша қабылданады.
NU SoM кампусы бойынша виртуалды турды қарау 360 Virtual Tour
NUSOM медицина саласындағы мансапқа ұмтылатын студенттерге арналған үш мамандандырылған бакалавр бағдарламасын ұсынады.
Медбикелік іс бакалавры
«Назарбаев Университетінің Медбикелік іс бакалавры бұл екіжылдық күндізгі бағдарлама. Үміткерлер мансабын екі жылдық (төрт семестр) оқу аяқталғаннан кейін жалғастыра алады.
Медицина саласындағы бакалавры (6 жылдық)
Бағдарлама талантты және мақсатқа ұмтылған мектеп түлектері үшін арнайы әзірленген, олар жоғары білікті дәрігерлер болу үшін күрделі және ауқымды оқу курсынан өтуге дайын.
NU Медицина мектебі мамандандырылған мансап жолдары бойынша медициналық дайындықтың ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін төрт магистрлік бағдарламасын ұсынады:
Фармакология және токсикология, магистратура
Бұл бағдарлама дәрі-дәрмектердің, улардың, химиялық заттардың және қоршаған ортадағы токсиндердің адам денсаулығына әсерін зерттеуге мамандандырылған.
Қоғамдық денсаулық сақтау, магистратура
Студенттер жобаларды тиімді жоспарлау мен бағалауды, ауруханаларда және жеке практикада созылмалы ауруларды басқаруға және жұқпалы аурулардың алдын алуға тікелей әсер ететін денсаулық сақтау саясаты мен менеджментін үйренеді.
Молекулалық медицина, магистратура
Молекулалық медицина саласындағы магистр (MMM) бағдарламасы - Қазақстандағы жалғыз молекулалық медицина бағдарламасы.
Спорттық медицина және оңалту, магистратура
Студенттер осы тақырыптарды шебер қолдана отырып, қазіргі емдеу жоспарларын, спорттық медицина мен қалпына келтіру терапиясын өзгерту үшін пайдаланады.
Медицина докторы
Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (NUSOM) ұсынған «Медицина докторы» бағдарламасы студенттерге жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық дайындықты жалғастыруға негіз болып қана қоймай, сонымен қатар медицинада тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Мейіргер ісі саласындағы ғылым магистрі
«Мейірбике ісі саласындағы ғылым магистрі» (MSN) бағдарламасы медицина жұмыскерлеріне болашақты қалыптастыруға және Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін өзгертуге мүмкіндік беретін жетекші білім беру жолы болып табылады.
НУ-дағы докторантура бағдарламалары - әрбір жағдайда қабылдануға қатаң талаптарға сай үміткерлердің қабылдануын қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде бәсекеге қабілетті бағдарламалар.
Биомедицина ғылымдары, PhD
NUSoM Биомедицина ғылымдары саласындағы докторантурасы - бұл әр студентте үздік медициналық білім қалыптастыруға бағытталған төрт жылдық бағдарлама
Жаһандық денсаулық сақтау, PhD
Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура бағдарламасының миссиясы жаһандық денсаулық зерттеушілерінің келесі ұрпағын оқыту және оларды Қазақстанда және бүкіл әлемде денсаулықты жақсарту үшін осы салада көшбасшылықты қамтамасыз етуге дайындау.
NUSOM резидентурасының бағдарламалары жоғары білікті медициналық мамандарды таңдаған мамандығы бойынша шартты немесе шартсыз қабылдау мәртебесі бойынша дайындайды.
Жалпы хирургия, резидентура
NU SoM-ның жалпы хирургия бойынша резидентура бағдарламасы - бұл дәрігерлерді жалпы хирургия бойынша оқытуға арналған бағдарлама, науқасты күту мен хирургиялық тәжірибені жақсартатын негізгі және клиникалық зерттеулерге бағыттау.
Акушерлік және гинекология, резидентура
Бұл стандарттар біздің резидентура бағдарламамызды акушерия және гинекология саласындағы сенімді медициналық жетекшілерді қалыптастыратын, халықаралық деңгейдегі оқу бағдарламасы етеді.
Педиатрия, резидентура
Педиатрия бойынша резидентура бағдарламасы - бұл жалпы педиатр болғысы келетін медициналық дәрігерлерге арналған үш жылдық бағдарлама.
Терапия бойынша резидентура бағдарламасы
Терапия бойынша резидентура бағдарламасы - бұл дәрігерлердің стационарларда немесе жалпы практикада жұмыс істеуі үшін арналған үш жылдық резидентура бағдарламасы.
Отбасы медицинасы, резидентура
Отбасы медицинасы бойынша резидентура бағдарламасы – ДКМАК (Дипломнан кейінгі медициналық білім беру жөніндегі аккредиттеу кеңесі) негізгі кәсіби біліктілікке сай отбасы дәрігерлерін дайындайтын үш жылдық күндізгі бағдарлама.
Анестезиология және қарқынды терапия, резидентура
Анестезиология және қарқынды терапия саласындағы резидентура бағдарламасы - бұл дәрігерлерді ауруханада немесе амбулаториялық жағдайда жұмыс істей алатын анестезиолог/қарқынды терапия маманы болуға дайындайтын 4 жылдық бағдарлама.
Ортопедия және травматология, резидентура
Бұл білімді, дербес, тапқыр, этикалық жауапты, шығармашылық, ғылыми инновацияларға және демократиялық құндылықтарды тәрбиелеуге қызығушылық танытатын, мәселелерді толығымен шешуге бес жылдық бағдарлама.
Радиология, резидентура
Бағдарламаның жалпы мақсаты өз құзыреті шегінде білікті қызмет көрсете алатын, алған білімдерін, дағдылары мен біліктерін қолдана алатын рентгенолог маманын даярлау болып табылады.
Урология, резидентура
Бағдарламаның жалпы мақсаты өз құзыреті шегінде білікті қызмет көрсете алатын, алған білімдерін, дағдылары мен біліктерін қолдана алатын рентгенолог маманын даярлау болып табылады.
Патологиялық анатомия, резидентура
Патология – бұл аурулардың себептері мен үрдістерін түсіндірумен айналысатын медицина саласы. Бұл организм тіндеріндегі, қандағы және басқа да организм сұйықтықтарындағы өзгерістерді байқау нәтижесінде пайда болады.
Психиатрия бойынша резидентура бағдарламасы
Бұл бағдарлама дәрігерлерге ауруханада немесе амбулаториялық жағдайда жұмыс істей алатын психиатр болу үшін жалпы психиатрия саласындағы іргелі дайындықты қамтамасыз етуге арналған.
Балалар хирургиясындағы резидентура бағдарламасы
Балалар хирургиясындағы резидентура бағдарламасы - бұл амбулаториялық және стационарлық жағдайда балаларға хирургиялық көмектің барлық аспектісін кезең-кезеңімен зерделеуді және меңгеруді қамтитын 5 жылдық бағдарлама.
Неврология резидентура бағдарламасы
НУММ неврология резидентурасы бағдарламасы - бұл аурухана жағдайында және кез-келген денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істей алатын невропатологтарды даярлауға бағытталған 4 жылдық бағдарлама.
Гематология саласындағы резидентура бағдарламасы
НУММ гематология саласындағы резидентура бағдарламасы - бұл кейіннен гематология мамандануымен жалпы практика саласындағы жоғары білікті мамандар ретінде дәрігерлерді жұмысқа даярлауға бағытталған дипломнан кейінгі бес жылдық бағдарлама.
Эндокринология саласындағы резидентура бағдарламасы
НУММ эндокринология саласындағы резидентура бағдарламасы эндокринология саласындағы тереңдетілген мамандануы бар жалпы практика дәрігерлерін даярлауға бағытталған.
Медициналық онкология саласындағы резидентура бағдарламасы
НУММ медициналық онкология саласындағы резидентура - бұл дәрігерлерді медициналық онкология саласындағы мансапқа даярлауға бағытталған бес жылдық бағдарлама.
Гастроэнтерология саласындағы резидентура бағдарламасы
НУММ гастроэнтерология саласындағы резидентура бағдарламасы - бұл гастроэнтерология саласындағы мамандығы тар жалпы практикадағы білікті дәрігерлерді оқытуға бағытталған 6 жылдық бағдарлама.
Офтальмология бойынша резидентура бағдарламасы
Офтальмология бойынша резидентура – бұл толық білімді, тәуелсіз, кәсіпкерлік дағдысы бар, этикалық жауапты, шығармашыл, ғылыми жаңалықтарға ынталы және демократиялық құндылықтарды ұстанатын маманды даярлауға бағытталған төрт жылдық бағдарлама.