NUFYP (NU Foundation Year Program) – Назарбаев Университеті (НУ) Дайындық мектебінің 1 жылдық бағдарламасы. Бұл курс шеңберінде тыңдаушылар бакалавриат бағдарламасына академиялық, ғылыми және тілдік дайындықтан өткізіледі. Студенттер НУ-дың аккредиттелген бағдарламаларын сәтті аяқтау үшін қажетті дағдыларды үйренеді. Осы бағдарлама ақылы жүзеге асырылады, дегенмен мемлекет қаржыландыратын «Назарбаев Университеті» гранты, стипендиялар мен басқа да қаржылық көмек бағдарламалары бар.
Сіздің бағдарламаңыздың оқу құнын есептеу үшін сілтемені басыңыз.