MBA бағдарламасы – бұл Орталық Азияда және одан тыс жерлерде ең беделді компаниялар талап ететін дағдыларды меңгеру үшін арнайы әзірленген күндізгі нысандағы жеделдетілген кешенді бағдарлама.
Бұл Қазақстанда және Орталық Азияда бизнестегі көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеудегі бизнес мектептердің миссиясында басты рөл атқаратын күндізгі бағдарлама. Жас мамандарға арналған MBA бағдарламасы халықаралық деңгейде бизнесті тиімді басқару үшін қажет дағдыларды, білімді және ойлау қабілетін дамытады.Бағдарламаның оқытушылары әлемнің үздік оқу орындарын аяқтаған (Стэнфорд, Уортон, INSEAD бизнес мектебі) және бизнес пен өнеркәсіп саласындағы қазіргі кездегі проблемаларды зерттейді.
Кампус : Астана, Қазақстан
Тілі: Ағылшын
Оқыту нысаны: Күндізгі, Назарбаев Университетінің кампусында
Ұзақтығы: 16 ай
ECTS кредиттердің жалпы саны: : 104
MBA бағдарламасының міндетті курсы жалпы басқару саласына бағытталып, білім алушыларға олардың мансаптық ілгерілеуінде шешуші болып табылатын негіздерді қалыптастырады.
Негізгі бағыттары:
Дьюк Университетінің Фукуа бизнес мектебі.