Анестезиология және қарқынды терапия саласындағы резидентура бағдарламасы - бұл дәрігерлерді ауруханада немесе амбулаториялық жағдайда жұмыс істей алатын анестезиолог/қарқынды терапия маманы болуға дайындайтын 4 жылдық бағдарлама.
Бағдарлама екі негізгі салада қажетті дағдылар мен білімді дамытуға бағытталған: анестезия және қарқынды терапия. 4 жылдық Бағдарламаны оқу барысында резиденттер амбулаториялық тәжірибені қоса алғанда, мамандандырылған түрлі бөлімшелерде жоғары сапалы клиникалық даярлықтан өтетін болады. Төртінші курста резидентке өзінің оқуы мен оқу бағдарламасын нақты салаларға бағыттауға рұқсат етіледі.
Кампус: Астана, Қазақстан, NU SoM ғимараты, ауруханалар
Тілі: Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі
Оқыту түрі: Күндізгі
Ұзақтығы: 4 жыл
Резидентураны бітіргендер дәрігерлік қызметті жалғастыруда.