Біз туралы

артқа

Еңбек қызметін жүзеге асыруға, іскерлік сапарға немесе білім алуға арналған виза туралы ақпарат

Неге НУ-да жұмыс істеу керек?
  • Неге НУ-да жұмыс істеу керек?
  • Мансаптық өсу мүмкіндіктері
  • НУ-дағы өмір
  • Денсаулық және бақуаттылық
  • Кампус ерекшеліктері
  • НУ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
  • Этика кодексі
  • Еңбек қызметін жүзеге асыруға, іскерлік сапарға немесе білім алуға арналған виза туралы ақпарат
  • НУ оқытушы-профессорлар құрамының саясаты мен рәсімдері

Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасының аумағына кіру және одан шығу тәртібіндегі ықтимал өзгерістерге байланысты шетелдік азаматтарға сапар алдында қолданыстағы ережелермен алдын ала танысу ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

Бұл бөлімдегі төлқұжаттар және визалар туралы ақпарат қарапайым төлқұжат иелеріне қолданылады. Дипломатиялық, қызметтік, арнайы және ресми паспорттардың иелері үшін арнайы ережелер қолданылуы мүмкін.

Виза иесіне Қазақстан Республикасының аумағында визада көрсетілген мерзім мен шарттар негізінде заңды түрде болуға құқық береді.

Визалар бір мәртелік және көп мәртелік болып бөлінеді:

Бір мәртелік виза иесіне Қазақстан Республикасына бір рет кіруге, ел аумағы арқылы өтуге, белгіленген мерзім ішінде елде болуға және елден шығуға құқық береді.

Көп мәртелік визалар иесіне Қазақстан Республикасына бірнеше рет кіруге, ел аумағы арқылы өтуге, белгіленген мерзім ішінде елде болуға және елден шығуға құқық береді. Назар аударыңыз! Визаға түзетулер енгізуге жол берілмейді. Түзетулер енгізілген виза жарамсыз болып есептеледі.

 

ТӨЛҚҰЖАТ

Қазақстанға келетін барлық тұлғаларда шетелдік төлқұжат болуы қажет. Төлқұжаттың қолданылу мерзімі виза мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде 3 ай бойы жарамды болуы тиіс. Төлқұжатта виза мен мөртаңбаларды қоюға арналған кемінде 2 бос бет болуы қажет. Егер сіз мерзімі өткен төлқұжатыңызды ауыстырған болсаңыз жаңа төлқұжатты (сонымен қатар, егер онда жарамды виза болса — ескі төлқұжатты да) Көші-қон қызметіне тіркеу үшін мектеп, офис немесе бөлімшенің жауапты қызметкеріне немесе менеджеріне ұсыныңыз. Тіркеу кезінде қиындықтар туындамас үшін қажетті құжаттарды мүмкіндігінше тезірек ұсыну сіздің мүддеңізге сай екенін ескеріңіз. Бұл ретте, Шетелдік персоналдың Астана қаласында тұратын мекенжайы өзгерген жағдайда, бұл туралы Халықаралық студенттермен және қызметкерлермен жұмыс жөніндгі  бөлімінің (бұдан әрі – ХСМЖБ) қызметкерлеріне дереу хабарлау қажет.

Назарбаев Университетінің тұрғын үй қорында тұруды жоспарлап отырған жаңадан қабылданған шетелдік қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қонақтар (туыстар, достар, іскер серіктестер және т.б.) келген жағдайда, ХСМЖБ-ны бұл туралы, Астанадағы нақты мекенжайды көрсете отырып, дереу хабардар ету қажет.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КЕЛГЕНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысының 9-тармағына сәйкес: Қабылдаушы тарап шетел азаматтарының өзінде тұруы туралы олардың келген сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.

«Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 1-бабының 10.1) тармағына сәйкес: Қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасында тіркелген, шетел азаматтарын уақытша тұруға шақыру туралы өтініш білдіретін және (немесе) оларға тұрғын жай ұсынатын заңды тұлға болып табылады.

Қабылдаушы тарап шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олар өзінде тұратындығы туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Полиция департаментінің Көші-қон қызметі бөлімшесіне (Астана қ.) ХАБАРЛАУҒА міндетті. Бұл талап шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасына кіру және болу тәртібіне, сондай-ақ сапар мақсатына қарамастан қолданылады.

Қабылдаушы тарап Көші-қон қызметіне хабарламаны Қазақстан Республикасының визалық-миграциялық порталы (Egov/Eqonaq) арқылы ұсынады.

Маңызды ескерту: хабарламаны уақтылы бермеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабына сәйкес қабылдаушы тараптың әкімшілік жауапкершілікке тартылуына, соның ішінде 1 жыл мерзімге визалық шақыру рәсімдеу құқығынан айыруға әкеп соғады.

Уақытша тұруға рұқсат (УТР)

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға уақытша тұруға рұқсат (бұдан әрі — УТР) береді. УТР берілген рұқсаттың санатына байланысты бір жылға дейінгі мерзімге рәсімделеді және оны кейіннен ұзартуға болады. Бұл Қазақстан Республикасына иммигранттардың кіруі мен елде болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шығуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген).

 

Уақытша тұруға рұқсатты (УТР) кімге рәсімдеу керек?

  • Қазақстанға 30 күнтізбелік күннен артық мерзімге келген ТМД елдерінің азаматтарына;
  • ЕАЭО елдерінің азаматтарына (Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық болған жағдайда — елде болу тәртібі өзгеше болып белгіленген елдердің азаматтарына;
  • 16 жасқа дейінгі балалар алу қажеттілігінен босатылады

Уақытша тұруға рұқсат (УТР) қалай ресімделеді?

Уақытша тұруға рұқсат (УТР) алу үшін қабылдаушы тарап Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгінуі қажет. Өтінішке шетел азаматының төлқұжатының түпнұсқасы және елде болу мақсатын растайтын құжат қоса тіркеледі.

Мысалы, ЕАЭО елдерінің азаматтары жұмысқа орналасқан жағдайда, еңбек шартының көшірмесі қоса ұсынылуы тиіс.

Егер шетел азаматын жұбайы және/немесе 16 жастан асқан балалары ертіп жүрсе, олар үшін де УТР рәсімдеу қажет. Мұндай жағдайда олардың төлқұжаттары, некені тіркеу туралы куәлік (жұбайы үшін) және туу туралы куәліктер (балалар үшін) қоса тіркелуі керек.

УТР-ға өтініш беруге арналған құжаттар тізбесі:

Қызметкер/студент үшін:

  • Төлқұжат
  • Еңбек келісімшарты/оқу орнынан анықтама (қазақ немесе орыс тілінде түпнұсқа мөрмен)
  • ЖСН
  • Дактилоскопиядан өткені туралы анықтама
  • Алдыңғы УТР (бар болса)
  • Медициналық сақтандыру полисі
  • Тұрғын үйді жалдау шарты (кампустан тыс жерде тұратындар үшін; шарт нотариуста жасалады және оған сіз және үй иесі қол қояды)
  • Еnbek.kz порталынан алынған жұмысқа орналасу туралы анықтама (қолданылған жағдайда, HR-мен ресімделеді)

 

Ілеспе отбасы мүшесі үшін (dependents):

  • Төлқұжат
  • Неке / туу туралы куәліктердің түпнұсқалары (егер құжаттар орыс тілінде болмаса, оларды нотариалды куәландыру және аудару қажет)
  • ЖСН
  • Дактилоскопиядан өткені туралы анықтама (16 жастан асқан балалар)
  • Алдыңғы УТР (бар болса)
  • Медициналық сақтандыру полисі
  • Тұрғын үйді жалдау шарты (кампустан тыс жерде тұратындар үшін; шарт нотариуста жасалады және оған сіз және үй иесі қол қояды)

Уақытша тұруға рұқсат (УТР) беруге өтінішті қарау мерзімі 5-7 жұмыс күнін құрайды.

 

УТР-ды қашан ресімдеу керек?

Шақырушы тарап визасыз болу кезеңі ішінде шетел азаматы үшін УТР-ды ресімдеуге тиіс.

УТР-дың мерзімі қандай?

УТР бір күнтізбелік жылға дейінгі мерзімге беріледі.

УТР-ды уақтылы тіркемеудің салдары қандай?

Тіркеу мерзімі сақталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 және 518-баптарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке шақырушы тарап та, шетелдік азаматтың өзі де тартылады.

 

УТР тіркеуге жататын азаматтар үшін Қазақстан Республикасына визасыз кіру:

АЗАМАТТЫҒЫ ҚР-ға КІРУ БОЛУ МЕРЗІМІ

Әзірбайжан визасыз 30 күн

Армения визасыз 90 күн

Өзбекстан визасыз 30 күн

Қырғызстан визасыз 90 күн

Беларусь визасыз 90 күн немесе визаның қолданылу мерзіміне

Ресей визасыз 90 күн

Тәжікстан визасыз 90 күн

Шақыру хаты (LOI)

Назарбаев Университеті шетел азаматы үшін елге кейінгі кіруіне арналған шақыру хатты (LOI) алдын ала рәсімдейді.
Шақыру хат алу үшін қажетті құжаттарды Қазақстанға жоспарланған сапардан бір ай бұрын OISSS офисіне ұсыну қажет.
Құжаттарды қарау мерзімі шамамен 2 апта (визаны рәсімдеу мерзіміне ұқсас).

LOI алғаннан кейін шетел азаматы Қазақстан Республикасының елшілігіне визаны рәсімдеу үшін жүгіне алады.
LOI өтініш берілген күннен бастап 90 күн бұрын берілуі мүмкін және 90 күн бойы жарамды болады.
Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтарын қоспағанда, барлық елдердің азаматтары Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінде виза алу үшін LOI болуы міндетті.

 

Визаның түрлері:

C3 – жұмысқа орналасу үшін

C9 – оқу үшін

B1 – конференцияға қатысу үшін

Визаны рәсімдеу мерзімі – 10 жұмыс күні.

 

1-қадам

Шетелдік студенттермен және қызметкерлермен жұмыс жөніндегі офис (OISSS) қызметкермен/студентпен жасалған еңбек шартына немесе ұсыныс хатына қол қойғаннан кейін құжаттарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Полиция департаментінің Көші-қон қызметіне (Астана қ.) дереу ұсынады.

Шақыру хаты дайын болған кезде оның скан-көшірмесі сізге электрондық пошта арқылы жіберіледі.

 

Шақыру хатына (LOI) өтініш беру үшін ISSS офисіне мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

Қызметкер/студент үшін:

  • Еңбек шартының көшірмесі/оқу орнынан анықтама;
  • Төлқұжаттың бірінші бетінің түсті сканерленген көшірмесі (жақсы сапада);
  • Толтырылған визалық қолдау нысаны (жүктеу);
  • Егер өтініш беруші тұрақты тұрғын болса және визаға азаматтығы жоқ елден тыс өтініш беруді жоспарласа, растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну қажет. Мысалы: тұруға ықтиярхат, ұзақ мерзімді виза (жұмыс, оқу) және ҚР-да нотариус куәландырған ресми аудармасы бар өтініш берушінің/асырауындағы адамның жұмысына қазақ немесе орыс тіліндегі рұқсат.

 

Ілеспе отбасы мүшесі үшін (dependents):

  • Төлқұжаттың бірінші бетінің түсті сканерленген көшірмесі (жақсы сапада);
  • Апостиль қойылған / заңдастырылған неке/туу туралы куәлік;
  • Қызметкердің визасының сканерленген көшірмесі (егер құжаттар бөлек берілсе, ал қызметкерде жарамды виза болса);
  • Шақыру хатына арналған визалық қолдаудың толтырылған нысаны (жүктеу);
  • Егер өтініш беруші тұрақты тұрғын болса және визаға азаматтығы жоқ елден тыс өтініш беруді жоспарласа, растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну қажет.

 

Мысалы: тұруға ықтиярхат, ұзақ мерзімді виза (жұмыс, оқу), ҚР-да нотариус куәландырған ресми аудармасымен өтініш берушінің/асырауындағы адамның жұмысына қазақ немесе орыс тіліндегі рұқсат.

* Егер сіз Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жою туралы Гаага конвенциясына кірмейтін елдің азаматы болсаңыз, орыс немесе қазақ тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған неке/туу туралы заңдастырылған куәліктің көшірмесін ұсынуыңыз қажет. Сіздің еліңіз Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттер тізімінде екенін білу үшін сілтемеге өтіңіз.

Шақыру хатын ресімдеу мерзімі: 10 жұмыс күні.

 

2-қадам

Шақыру хатын (LOI) алғаннан кейін өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды өзі виза алуды жоспарлап отырған Қазақстан Республикасының шетелдегі елшілігіне/консулдығына тапсыруы тиіс. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының тиісті елшілігінің/консулдығының ресми сайтында орналастырылған қажетті құжаттардың тізімін дербес тексеруге міндетті.

Қазақстан Республикасының елшілігіне/консулдығына виза алуға өтініш беруге арналған құжаттар тізімі:

  • Шақыру хатының көшірмесі (LOI)
  • Ұлттық төлқұжат
  • Төлқұжаттың көшірмесі
  • Толтырылған визалық сауалнама
  • Бір түсті фотосурет (3.5 см x 4.5 см)
  • Консулдық алым — 200 АҚШ доллары

 

Визаны рәсімдеу мерзімі: 5-7 жұмыс күні.

Қазақстан Республикасында визаны ұзарту

Назарбаев Университетімен еңбек шарты ұзартылғаннан кейін / келесі оқу жылына ауысқаннан кейін сіздің визаңыз ұзартылуы тиіс. Төмендегі ақпаратты мұқият оқып шығыңыз:

Назар аударыңыз! Сіздің визаңызды Қазақстан Республикасының аумағында оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ұзарту үшін Шетелдік студенттермен және қызметкерлермен жұмыс жөніндегі офиске (OISSS) 30 (отыз) жұмыс күнінен кем емес, бірақ ағымдағы виза аяқталғанға дейін 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай құжаттарды ұсыну қажет.

 

Қызметкер/студент үшін:

  • Ұлттық төлқұжат. Паспорттың қолданылу мерзімі сұралған визаның мерзімінен кемінде үш (3) айға асуы тиіс. Паспортта Қазақстан Республикасының визасын желімдеу үшін кемінде бір таза бет болуға тиіс.
  • Төлқұжаттың бірінші бетінің көшірмесі. Өтініш берушінің негізгі деректері бар (аты-жөні, фотосуреті) паспорт парағының көшірмесін ұсыну қажет. Егер төлқұжаттың мерзімі ұзартылған болса, жаңарту белгісі бар беттің көшірмесі де қажет.
  • Жарамды визаның көшірмесі
  • Фотосурет. Құжаттарды тапсыру күніне дейін 3 айдан кешіктірмей түсірілген, ашық фонда өлшемі 3.5 х 4.5 см болатын түсті бір фотосурет.
  • Визаны ұзартуға толтырылған сауалнама-өтініш. Сауалнамада толық және сенімді ақпарат болуы керек. Түзетусіз орыс немесе ағылшын тілдерінде бас әріптермен толтырылады. Дұрыс толтырылмаған сауалнама виза беруден бас тартуға әкелуі мүмкін. (үлгіні жүктеу)
  • Еңбек шарты / қабылдау туралы анықтама (мөр басылған қазақ немесе орыс тіліндегі құжаттың түпнұсқасы).
  • Дактилоскопиядан өткені туралы анықтама

 

Ілеспе отбасы мүшесі үшін (dependents):

  • Ұлттық төлқұжат. Паспорттың қолданылу мерзімі сұралған визаның мерзімінен кемінде 3 (үш) айға асуы тиіс. Паспортта Қазақстан Республикасының визасын желімдеу үшін кемінде бір бос бет болуы тиіс.
  • Төлқұжаттың бірінші бетінің көшірмесі. Өтініш берушінің негізгі деректері бар беттің көшірмесі (аты-жөні, фотосуреті). Егер төлқұжаттың жарамдылық мерзімі ұзартылған болса, жаңарту белгісі бар беттің көшірмесін де қоса беру керек.
  • Фотосурет. Құжаттарды тапсыру күніне дейін 3 айдан кешіктірмей түсірілген, ашық фонда өлшемі 3.5 х 4.5 см болатын түсті бір фотосурет.
  • Толтырылған сауалнама-визаға өтініш. Сауалнамада дұрыс ақпарат болуы керек, орыс немесе ағылшын тілдерінде түзетусіз бас әріптермен толтырылуы керек. Дұрыс толтырылмаған сауалнама виза беруден бас тартуға әкелуі мүмкін. (форманы жүктеу)
  • Апостиль қойылған / заңдастырылған неке/туу туралы куәлік

 Егер өтініш жұбайына берілсе, неке туралы куәлік ұсынылуы керек. Егер құжат орыс немесе қазақ тілінде болмаса, ол аударылып, Қазақстанда нотариалды куәландырылуы тиіс.

  • Қызметкердің визасының сканері. Егер құжаттар негізгі өтініш берушіден бөлек берілсе және қызметкердің қолданыстағы визасы болса қажет.
  • Қызметкердің жалақысынан консулдық алымды ұстап қалуға өтініш. Консулдық алымның мөлшері - 30 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), негізгі өтініш берушінің (қызметкердің) жалақысынан алынады.
  • Дактилоскопиядан өткені туралы анықтама (16 жастан асқан балалар үшін)

 

  • Егер сіз Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жою туралы Гаага конвенциясына кірмейтін елдің азаматы болсаңыз, орыс немесе қазақ тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған неке/туу туралы заңдастырылған куәліктің көшірмесін ұсынуыңыз қажет. Сіздің еліңіз Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттер тізімінде екенін білу үшін сілтемеге өтіңіз.

Визаны рәсімдеу мерзімі: 10 жұмыс күні.

Визаны жою рәсімі

Виза алушының Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдаған жағдайда.

B16 визасына өтініш беру үшін Халықаралық студенттермен және қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімге ұсынылуы қажет құжаттар (шығу визасы, визаның күшін жою):

  • Ұлттық төлқұжат
  • Төлқұжаттың көшірмесі
  • Ағымдағы визаның көшірмесі
  • Еңбек шартын тоқтату туралы қол қойылған және куәландырылған шешім немесе шетелдік студентті оқудан шығару туралы шешім
  • Шығу визасын ресімдеу құны (визаның күшін жою) - 1 966 KZT (0,5 АЕК)

Визаны рәсімдеу мерзімі: 10 жұмыс күні. 

Егер шетел азаматы елден кетіп қалған болса, ұзақ мерзімді визаны жою үшін Халықаралық студенттер мен қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімге ұсынылуы керек құжаттар:

  • Төлқұжаттың көшірмесі
  • Ағымдағы визаның көшірмесі
  • Еңбек шартын тоқтату туралы қол қойылған және куәландырылған шешім немесе шетелдік студентті шығару туралы шешім

Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының аумағында болу шарттарын сақтамау елеулі құқық бұзушылық болып табылады және сізге мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін:

  • Сізге айыппұл салынуы мүмкін;
  • Сізге 5 жылға дейінгі мерзімге Қазақстанға қайта оралуға тыйым салынуы мүмкін, бұл Қазақстанда жұмысты жалғастыруға автоматты түрде тыйым салады;
  • Сізге қысқа мерзімді бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін;
  • Адвокат пен аудармашыға жұмсалатын қосымша шығындар пайда болады.

Университет үшін визалардың, мемлекеттік алымдардың және әкімшілік хаттаманың құны.

Қазақстанның визаларын ресімдегені және әкімшілік айыппұлдар төлегені үшін 2025 жылғы МЕМЛЕКЕТТІК АЛЫМ сомасы.

Мемлекеттік алым сомасы айлық есептік индексте (МРИ) және ұлттық валюта — теңгеде (KZT) көрсетіледі. 2025 жылы 1 МРИ 3,932 теңгеге (KZT) тең.

 

Қазақстан Республикасының Визалары

Рәсім

Мемлекеттік баж

Сомма KZT

Визаға шақыру хатын тіркеу

0.5 АЕК

1,966

Қақстан Республикасының аумағында бірнеше рет виза беру/ұзарту

30 АЕК

117,960

Шығу визасын ресімдеу (визаның күшін жою)

0.5 АЕК

1,966

57 елдің азаматтары үшін визасыз режим бойынша болу мерзімін ұзарту (бір реттік виза беру)

7 АЕК

27,524

Ескерту:

Қазақстан Республикасының шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінде виза енгізгені үшін консулдық алымдар өзгеріссіз қалды.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңдарын бұзу әкімшілік айыппұлдарға және шақырушы тарап үшін шетелдік жұмыс күшін шақыруға бір жылға тыйым салуға әкеп соғады (Назарбаев Университеті).

Қазақстанда шетел азаматының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы:

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) — жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін бірегей 12 таңбалы нөмір. ЖСН маңызды іскерлік мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтарға қажет. Бұл нөмір Мемлекеттік қызметтерді алу, Салықтар мен басқа төлемдерді төлеу және әртүрлі әрекеттерді тіркеу үшін қажет.

Шетелдік азаматқа ЖСН қашан қажет болады?

  • Сіз Қазақстан Республикасында банк шотын ашуды жоспарлап отырған болсаңыз.
  • Сіз Қазақстан Республикасының көздерінен табыс тапсаңыз.
  • Сіз Қазақстан Республикасында салық салынатын мүлікті сатып аласыз.
  • Шетелдік азаматтарды Қазақстан резиденттері болып табылатын заңды тұлғалардың басшылары лауазымдарына тағайындау кезінде.
  • Шетелдік азаматтарды резидент еместердің филиалдарының, өкілдіктерінің басшылары лауазымдарына тағайындау кезінде.

ЖСН-ды тіркеуге өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға (Халыққа қызмет көрсету орталығы, ХҚКО) беруге болады.

Шетелдік азаматқа ЖСН алу үшін не қажет:

 

  • Ұлттық төлқұжат;
  • Паспорттың бірінші бетінің қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы (егер паспорт осы тілдерде болса, нотариатлдық аударма талап етілмейді).

Шетелдіктер үшін ЖСН сертификаттарын өңдеу мерзімі – 1-2 жұмыс күні.

Қазақстанда құжаттарды апостильдеу және заңдастыру

Қазақстан Республикасының аумағында шетелде берілген ресми құжаттың заңды күшіне ие болуы үшін ол құжат берілген елде апостильденуі немесе заңдастырылуы қажет. Мысалы, Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алу үшін жұмыс беруші шетелдік қызметкер мен оның асырауындағы тұлғалардың құжаттарын (дипломдар, куәліктер, некені немесе баланың тууын растайтын анықтамалар) апостильмен немесе консулдық заңдастырумен бірге ұсынуы тиіс.

Қазақстан қосылған Гаага конвенциясының негізінде, қатысушы елдердің мемлекеттік органдары берген құжаттар, егер олар апостиль қойылған болса, өзге қатысушы елдерде консулдық заңдастырусыз заңды күшке ие болады. Апостиль құжатқа қол қойған тұлғаның қолының түпнұсқалығын, оның өкілеттігін, қажет болған жағдайда құжаттағы мөрдің немесе штамптың түпнұсқалығын растайды. Қазақстандағы апостиль – кемінде 9×9 см өлшеміндегі, қазақ тілінде ресімделген, міндетті түрде «Апостиль» сөзі және 1961 жылғы Гаага конвенциясына (Convention de La Haye du 5 octobre 1961) сілтеме француз тілінде жазылған квадрат пішінді мөр болып табылады.

Апостиль мынадай құжаттарға қойылады:

  • Туу, қайтыс болу, неке кию немесе ажырасу туралы куәліктер
  • Дипломдар, сертификаттар және білім беру және оқыту туралы кез келген құжаттар, сондай-ақ білім беру мекемелері берген олардың қосымшалары
  • Сот шешімдері
  • Құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері
  • Басқа нотариатлдық құжаттар (өсиеттер, сенімхаттар және т. б.)
  • Қазақстанның сауда тізілімінен үзінді көшірмелер, салықтық тіркеу туралы куәлік

Назар аударыңыз! Паспорт, жүргізуші куәлігі немесе басқа ламинатталған құжаттар апостиль қоюға жатпайды.

Қазақстан Республикасында мынадай мекемелер апостиль қоя алады:

  • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі жанындағы Ақпарат және мұрағаттар комитеті
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитеті (келісім бойынша)
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Құжаттарға қойылатын талаптар:

Апостиль тек құжаттың түпнұсқасына немесе егер түпнұсқаға апостиль қою мүмкін болмаса, нотариалды куәландырылған көшірмесіне қойылады (мысалы, төлқұжат, жүргізуші куәлігі). Құжаттар жақсы күйде болуы керек, мөр мен қолтаңба жақсы көрінуі керек. Құжаттарда бөгде жазулар немесе белгілер болмауы тиіс.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (паспорт)
  2. ЖСН
  3. Апостиль қоюға жататын құжаттың түпнұсқасы
  4. Нотариалды куәландырылған сенімхат (егер бар болса)
  5. Егер өтініш берушінің тегі өзгерсе, тегі өзгергенін растайтын құжаттардың орыс немесе қазақ тіліне аударылған көшірмелері.

Легализация талаптарына қойылатын шектеулер:

Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (Минск конвенциясы ретінде де белгілі) 13-бабына сәйкес, оған қатысушы елдердің аумағында берілген құжаттар үшін легализация талап етілмейді.

Конвенцияға қол қойған елдер қатарына мыналар жатады: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. Қазақстан Минск конвенциясына 1994 жылдан бастап қатысушы мемлекет болып табылады. Осы елдер үшін Қазақстанда берілген құжаттарды легализациялау және апостиль қою талап етілмейді.

Қазақстанда берілген құжаттарды жоғарыда аталған елдердің аумағында пайдалану үшін олардың нотариалды куәландырылған аудармасын жасау қажет.

Байланыс ақпараты

Халықаралық студенттермен және қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімше

Офистің жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – Жұма: 8:30-17:30

Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 53, Астана

Электрондық пошта: oiss@nu.edu.kz

Халықаралық студенттер мен қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлім демалыс және Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелерінде жабық болады.

Егер сізде виза мен көші-қон мәселелері бойынша сұрақтар немесе бөлімнің қызметіне қатысты ұсыныстарыңыз болса, оларды электрондық пошта арқылы жолдаңыз. Біз сіздің сұрақтарыңызға мүмкіндігінше тез жауап беруге тырысамыз, бірақ бұл белгілі бір уақытты алуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және ұлттық мерекелері:

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

7 қаңтар – Иса пайғамбардың туған күні

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

9 мамыр – Жеңіс күні

6 шілде – Астана күні

30 тамыз – Конституция күні

25 Қазан – Республика күні

16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні