4-5 сәуірде Назарбаев Университетінде өтетін Sustainability Living Lab
(SLL) 2024 конференциясына қатысуға шақырамыз. Бұл жыл сайынғы
конференция университет қауымдастықтарының тұрақты идеяларын
қолдап, оларды нақты жобаларға айналдыратын SLL бағдарламасына бағытталған. Конференция аясында бағдарламаға белсенді түрде қатысып жатқан 12 жергілікті
университет энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздері, қайта өңдеу, суды тазарту және т.б. бағыттарға қатысты жасыл бастамаларын таныстырады.
Конференция бағдарламасында қатысушылардың презентациялары, атриумдағы
SLL жобаларының интерактивті көрмесі, климаттың өзгеруі, су ресурстары, ауа
сапасы және т.б. мәселелер бойынша экологиялық сарапшылардың
жетекшілігімен оқу сессиялары мен мастер-кластар көзделген.
Бұл шараны Тұрақты даму Офисі, «National Conservation Initiative» корпоративті қоры және «Шеврон» компаниясы ұйымдастырып отыр.
Сіздерді осы маңызды шараға қатысуға шақырамыз.
Конференцияға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз, бағдарламаны осы сілтемеден таба аласыз.
Күні: 4-5 сәуір 2024 ж
Уақыты: 10:00 — 18:00
Тілдер: қазақ, орыс
Өтетін орны: Назарбаев Университеті, 1 блок, Сенат залы
Байланыс ақпараты:
Ainur Imbayeva +77022174270
