Назарбаев Университетінің Дайындық мектебі ағылшын тілі мұғалімдерін 2024 жылдың 1 маусымында Астана қаласында BALEAP (Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі мұғалімдерінің Британдық қауымдастығы) «Назарбаев Университет» автономды білім беру ұйымымен бірлесіп ұйымдастыратын PIM конференциясына қатысуға шақырады.
BALEAP жыл сайын төрт кәсіби мәселелер жиналысын (PIMs) өткізеді.Осы PIM-нің бірі алғаш рет Ұлыбританиядан тыс жерде өткізіледі. Назарбаев Университеті академиялық ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған бұл беделді шараны өз қабырғасында өткізу құрметіне ие болды. Бұл бір күндік конференцияның тақырыбы: «COVID-тің жоғары білімге әсері — «New Framework — New Balance?» Конференция тілі — ағылшын тілі, ілеспе аударма мүмкіндігі жоқ.
Іс-шара гибридті форматта өтеді, сондықтан спикерлер онлайн немесе офлайн қатысады.
Қатысу нұсқалары, спикерлер және семинар туралы басқа да ақпаратты https://cps.nu.edu.kz/kz/pim_event сайтынан алуға болады.
Іс-шараға тіркелу үшін сілтемесі бойынша өтіп, тіркеу формасын толтыру қажет. Кез келген қосымша сұрақтар бойынша pim.2024@nu.edu.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.
Байланыс ақпараты:
pim.2024@nu.edu.kz
